Саттибаева Рая Мажитовна,
|
Заманауи мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыларға білім негіздерін беру ғана емес, басты мақсат оқушыларды дамытуда шығармашыл, құзыреттлігі жоғары интеллектуалды, ХХI ғасырдағы ақпараттық технологияларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру. Осыған байланысты қазіргі мұғалімге қойылатын талаптар өзгеріп, оның кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану деңгейі заман талабына сай болуы керек. Оқу үдерісінде ЦОР-ды тиімді қолдану арқылы оқушылардың зияткерлік, шығармашылық кабілеттері мен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытып, танымдық қабілеттерін жетілдіру география пәні мұғалімдерінің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Цифрлық білім беру ресурстарын география сабағыда пайдалану көрнекілікке толы сабақ дайындауға, білім беру материалдарын әртүрлі тәсілдер арқылы ұсынуға, географияны оқытуда түрлі инновациялық технологияны қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушылардың оқу мүмкіндіктерін диагностикалау тәсілі, оқу мен ақпарат көзі, мониторинг жүргізу және оқыту сапасын бағалау құралы болып табылады.География пәні мұғалімдері кез келген сабақта көптеген технологияларды қолдана отырып сабақты ұйымдастырып, технологияларды біріктіреді. Ақпараттық технологияларды қолдануда цифрлық білім беру ресурстары оқу материалдарын тез меңгертіп қана қоймай, оқушылардың шығармашылығын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады:
- оқушылардың білім алуға деген уәжі мен таным белсенділігі артады;
- логикалық және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытады;
- қазіргі қоғамдағы белсенді өмірлік позициясы қалыптасады.Географияны оқытуда ақпараттық технологияны қолдану білім берудің тиімділігін арттырып қана қоймай, сабақтағы әдіс-тәсілдер мен оқыту формаларын жетілдіруге, бағдарламалық материалды терең меңгеруге және коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіріп, географиялық білімді жан-жақты зерделеуге ықпал ететінін көруге болады. Қазіргі география пәнінің мұғалімі өз білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Сондықтан заманауи география пәні мұғалімі цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін қолданатын, компьютерлік ақпарат түрлерімен тиімді жұмыс жүргізетін, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру.География курстарындағы ЦБР қолданудың негізгі бағыттары:
— оқу материалдарын демонстрациялау;
— сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру;
— оқушылардың білімдерін жүйелеу мен қорытындылау;
-жобалау және өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда, оқушылардың білімдерін тексеруде.География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдана отырып тұлға құзіреттілігін дамыту мен өмірлік дағдыларды меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіріп, сапасын арттыруы нәтижелі білім беруге бағыттайды. Сонымен бірге тек пәндік білім мен білікке ғана емес, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына, білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдануға сын тұрғысынан ойлауға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Цифрлық білім беру ресурстарын сабақтың кез келген кезеңінде:
— проблемалық ситуация құрастыру үшін;
— жаңа материалды тез меңгерту үшін;
— алынған білімді бекітуде;
— оқыту процесінде білімді тексеруде қолдануға болады.Сабақ үрдісінде ЦБР-ды қолдану арқылы оқушы бойында түйінді, әрі пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға, оқушыларға өз бетімен көрнекілік, проблемалық оқытудың әдістемесін жүзеге асыруға, білімді бақылауды автоматтандыруға, көптеген дидактикалық проблемаларды шешуде өте тиімді.Қорытындылай келе география пәнінің әр сабағында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып сапалы білім мен жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатыны айқын. Оқушылардың танымдық қабілеті мен өмірлік дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін цифрлық білім ресурстарын өз іс-тәжірибесінде пайдалану уақыт талабы екенін география пәнінің әр мұғалімі зерделей білуге тиіс.