Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Орта білім берудегі мақсат:
Өз бетінше білім алу мен оны практикада қолдану қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, танымның гылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға бағытталған;
Елбасы: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген
— ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», — деген еді. Олай
болса, өркениет өзегі — білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз
үлесімді қосуым керек деп ойлаймын. Шәкірт тәрбиесіне қажымай талмай
еңбектеніп, Қазақстан атты мемлекеттің ертеңгі ұланын, азаматын
тәрбиелеу – басты мақсат екендігін түсінуіміз керек.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін — ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру — бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси жэне жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
«Мұғалім дегеніміз — бұл қолына уақыт аралығындағы байланысты
ұстаған алып, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен ақылды, талантты ашқан Колумб, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін Данагөй, жалынды сөздері жастарды ерлікке жетелейтін Шешен, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін Суретші, жан-дүниенің бүкіл болмысын көре білетін адам» деп суреттегендей, білікті де, білімді ұстаз болу – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті қажет етеді. Бүгінгі жас ұстаздардың ұлағатты ұстазға айналуына үлкен ізденістер мен шығармашылық шыңдалуы қажет.
География пәнін оқытудағы қиындықтар.
География – өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Бұл пәннің ерекшелігі сол — мұнда тарих, биология, экология, физика, дүниетану, астрономия, сурет (сызу) бәрі де қамтылады. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мен өзім. Өздеріңіз білетіндей, 6-сыныпқа 51 сағат берілген, яғни аптасына 1, 5 сағат. 6-сынып төменгі сынып болып саналғанмен, физикалық география – географияны оқытудағы бастапқы курс болып есептеледі. Оқушы негізгі білімді осы бастапқы курсында игереді. Мұнда есептер шығару, картамен жұмыс (координаталар табу), план түсіру, масштаб есептеу, елдерді жаттау, оны картадан табу, номенклатура бәрін де оқушы осы 6-сыныпта толық меңгеріп кетуі тиіс. Осы оқушының ой-өрісінің дамуына және тиянақты білім алу үшін мүғалім әрбір география сабағын оқушымен біте қайнасып жатқан сарамандық жүйеде жүргізіп отырса, мұндай оқыту жоғары деңгейде өз дәрежесін көрсетеді. Аптасына 2сағаттан, яғни 68 сағат берілсе, қайталау сабақтарымен сарамандық жұмыстарын өткізуге толық мүмкіндік болар еді. Жаңа білімді қалыптастыруда сарамандық жұмыстарды тиімді пайдалану, ондағы берілген тапсырмаларды барынша орындату – жақсы нәтиже кепілі. Күнделікті сабақ беру үрдісінде жаңа материалды оқушыға меңгерту үшін әртүрлі деңгейдегі сарамандық жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызы өте зор және оның ерекшеліктері:
- Кейбір амалдар мен әрекеттерді оқушылар өз бетімен орындайды;
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;
- Оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамиды;
- Не істеу керек екенін мұғалім айтып тұрады, ал оқушы дереу орындайды (барлық тапсырманы мезгілінде орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі);
- Топ оқушыларынан толықтай жауап алу;
- Мүғалім сұрақ қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтай алады;
- Білімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Дарынды оқущыларға өз бетімен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді;
- Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексере алады;
География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады» дегендей, оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т. б. көптеген себептерге байланысты. Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушыны қолдағы сурет пен үлестірме қағаздар қызықтыра қоймайды. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр — ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан, география кабинеті толықтай интерактивті тақта, компьютермен жабдықталса, оқушының сабаққа қызығушылығын артары сөзсіз. Өзім сабақ берген 2 жылда байқағаным, оқушыны күнделікті сабақ түсіндіріп, сол сабақты сұрай берген де мүлдем жалықтырады. Сондықтан кейбір сабақтарды слайдпен өзің ізденіп, дайындалып келуін өтінген оқушының ынтасын арттыратынын байқадым. Ол сол сабақ үшін кітаптан мәліметтер жинап, жан-жақты ізденіп, сабаққа деген ерекше бір құлшыныс пайда болады. Оның дайындаған слайдтары да қалған оқушылар үшін үлкен ерекше бір қызықты дүние болып табылады. Келесі сабақтарда басқа оқушы ол оқушының слайдын қайталамауға, одан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.
Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Бірақ осының бәрін іске асырып отыруға кабинеттің жабдықталмау үлкен кедергі келтіріп отыр. Электронды оқулықтар да бүгінгі таңда оқушының сабаққа ынтасын арттырушы құрал болып табылады. Кейбір сабақтарды қысқаша осы оқулықпен түсіндіріп өтсең де, келесі сабақта окушының өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізу арқылы оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік туады.
- Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
- Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
- Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
- Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
- Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Географиялық білімнің маңызды көзі — географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлүматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. Бүгінде мектепте географиялық карта жоқтың қасы. Ал география сабақтарын картасыз елестету мүмкін емес. Картасыз өткен сабақта тек теориялық білім ғана алады, практикалық тұрғыда ол оның ешбірін жүзеге асыра алмайды. «Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. Мүмкіндігіне қарай оқулықтармен қоса, атластар мен жұмыс дәптерлері де бірге берілсе, оқушының картамен, кескін картамен жұмыс жасауына үлкен жағдай туғызар еді.
Географиялық білімді игеру процесінде географиялық құралдар, аспаптар басты рөл атқарады. Географиялық білімдер жүйесін қажетті құралдарсыз беру, оқушылардың мәтінді жаттап қана шектелуімен сипатталып, олардың санасында бұл түсініктерге сәйкес бейнелер қалыптаспайды. Ал бұл білім тек формальды сипатта болып, сондықтан алған білім жылдам естен шығып кетеді. «Тек айтсаң — ұмытуым мүмкін. Көрсетсең — есте сақтаймын.
Ал іске тартсаң — үйренемін!» демей ме, география кабинетінде глобус, компас, барометр-анероид сияқты географиялық құрал-жабдықтар болса, алған білімдері мен біліктерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін аша түспек.
Жас ұстаз үшін керекті көмек түрлері:
- Онлайн сабақтарын жиі өткізу;
- Сабақтың тиімділігі мәселесі бойынша пәндік семинарлар;
- География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар, есептер жинағы;
- Тәжірибе алмасу сабақтары;
- Білім мен біліктілік көтеру курстары.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Бүгінгі таңда жаңа технологияларды сабақта қолдану мен тәжірибелі ұстаздар сабақтарын тамашалауға үлкен мүмкіндік – ол онлайн режиміндегі сабақтар болып табылады. Ол жас ұстаздар үшін үлкен көмек. Сабақты жаңаша, түрлендіріп өткізуге деген белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдардың аздығына, оқушы үшін дидактикалық материалдардың және жұмыс дәптерлерінің аздығына байланысты практикалық жұмыс тапсырмаларын мұғалімнің өзі құрастыруға тура келеді. Тапсырмаларды құруда оқу-әдістемелік құралдарын, «География және табиғат» басылымдарын, электрондық оқулықтарды, Интернеттегі ақпараттарды, т. б. ақпарат көздерін пайдаланудамыз. Көмекші құралдар көп болған жағдайда, жас ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек. Ал бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Жаңа инновациялық технологияларды қолдану мен тәжірибелі ұстаздар білімін жас ұстаздарға үлгі етуде, біліктілік көтеру курстары мен тәжірибе алмасу сабақтарының, семинарлардың орны ерекше.
Менің өзім үшін әрбір курстан өту өз білімімді толықтыруға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Курстан өту кезінде: есептер шығару, жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылыгын арттыру, ойындар мен тренинг түрлері, эксперимент жасау, ғылыми жоба жазу сияқты көптеген құнды мәліметтер алу, жас ұстаздардың шығармашылық ізденісін арттыруға үлкен көмек түрі болып саналады. Оны әрі қарай дамыту, түрлендіру, өз тәжірибесінде қолдана білу ұстаздың талпынысы мен қызығушылығына байланысты. Мен өзім
сабақ беретін сыныптарда осы курстан үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Кез келген әдісті қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістер болғанын байқап жүрмін. Біріншіден, оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді. Екіншіден, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Өзімнің аз ғана мұғалімдік тәжірибемде әр сабағымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруды басты назарда ұстадым. Сондықтан сабақтың типін, әдісін өзгертіп, сабақты өмірмен байланыстырып, оқу үрдісіндегі жаңа технологияны тиімді пайдалану – оқушыларды шаршатып жалықтырмайды деп толық айта аламын. Бүгінде өзім қолданып жүрген мына технологиялар мен стратегиялар оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына айтарлықтай нәтиже беретініне көз жеткіздім. Сол сияқты білім игерумен қатар проблемалық сұрақтарға жауап іздеу, ойлау қабілетін арттыру, оқушыға жеке өздігінен іздену, топтасып оқып үйренуіне жағдай жасайды.
Қай жұмыстың да өз қиыншылықтары кездесіп жатады. Бүгінде сол қиындықтардың шешімін тауып, шәкірттің толық білім алуына барынша мүмкіндіктер жасалып жатыр. Барлық ұстаз мақсаты бір – ол әр мақсатына жеткен сабағы. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін де, жас ұстаздардың дайындалып, көп біліп, көп ізденуіне тура келеді. Жас ұстаз шеберлігін шыңдау үшін де алдыңғы қатарлы, озық тәжірибелі ұстаздардың үлес қосуы – оның ұстаздық мақсатына жетуіне таптырмас көмек. География пәнін оқытудағы қиыншылықтарды жою – білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне жақсы әсерін тигізеді. Сонымен бірге, кейбір кедергілер мен қиыншылықтарға қарамай, саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін жас ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.
Әрбір күн өзгеріске толы. Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету – ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы.
«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылықка жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.
Раимова Мархабо Холматовна,
Д. Қонаев атындағы №25 колледждің география пәні оқытушысы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы