Қостанай қаласы №115 орта мектебінде 1-ші қыркүйек Білім күні қарсаңында «Саналы ұрпақ―жарқын болашақ»,- тақырыбында алғашқы сынып сағатымыз өтті. Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мерекелік атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы келешек ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу жолдарымен таныстыру мақсатында барлық сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді. Жоғары сынып оқушылары үшін бұл сабақтың маңызы зор болды.Оқушылар өз ойларын айтып, адам өміріндегі тәрбие мен білімнің маңыздылығын ортаға салды.Топта жұмыс жасап, өз идеяларын ұсынып, бірін –бірі тыңдай білді. Оқушылар жақсы көңіл күймен білім есігін айқара ашты.
Султангалиева Г.К.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы,
№115 орта мектебінің
11 «А» сынып жетекшісі