Ваитова Айнара Мэлсовна,
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылы,
М.Жалилов атындағы орта мектеп
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Сыныбы: даярлық тобы
Мақсаты: Білімділік: а) Қ дыбысының дұрыс және анық айтылуын үйрету, дыбыс артикуляциясын пысықтау, буында, сөздерде, сөйлемдерде дыбыстық орнын белгілеу, түзету жұмыстарына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауды қадағалау.
Коррекциялық: б) артикуляциялық аппараттарын дамыту, дұрыс дем ала білуге дағдыландыру, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Тәрбиелік: в) топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, бір – біріне деген бауырмалдық сезімдерін нығайту.
Көрнекі құралдар: айна, сюжетті суреттер, ойыншықтар, дыбыстың сұлбасы, слайдтар, плакаттар.
Жаңа сөздерді енгізу: құлыншақ, қуыршақ, құлақшын.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды сабаққа ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар, бүгін бізде қызықты сабақ болады.
«Алдар көсе мен Қожанасыр» мультфильмін көрсету сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін анықтау
ІІ. Жаңа сабақ:
Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз. Қазір біз дауыссыз дыбыстарды өтіп жатырмыз. Балалар тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар. Қандай ойыншықтар бар екен? Қоян, қасқыр, қолғап, мысық, балық, қошқар, қар. Енді осы сөздерді мен қайталаймын, сендер мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударып бүгінгі кезек қай дыбыстікі екен? Қ дыбысыныкі. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады.
ІІІ. Тақтамен жұмыс:
Енді сол дыбыстың тақтаға сұлбасын салып көрейік. Қ дыбысын жазып көрелік. Қ дыбысын жазу үшін неше таяқша керек екен? Төртеу, дұрыс. Енді осы дыбысты дауысты дыбыстармен қосып оқып, буында, сөздерде, сөз тіркестерінде қолданып көрейік.
Қа Қо Құ Қы
Ақ Оқ Ұқ Ық
Тақ Тоқ Тұқ Тық
Қақ Қоқ Құқ Қық
Қармақ, қораз, құйын, қымыз, моншақ, тақпақ тұқым, құлыншақ, құлақшын, тымақ, қуыршақ. Төмендегі сөздердегі Қ дыбысының орын белгілейік. Қ дыбысы сөздің ортасында, басында, аяғында да кездеседі екен.
Ой! Балалар, мына әдемі кітапқа қараңдаршы, Жан – жануарлар фермасы деп аталады өзі. Мұнда құстар мен жануарлардың мекені туралы сөз етеді. Балалар суретке қарап, ненің суреті, ол қалай аталады және дыбысталады, соны көрсетеді. Мынау не? Ол жылқы, ол қалай дыбыстайды? Иго – го, Иго – го! Жылқының төлін не деп атайды
Құлыншақ!
Ал мынау не? Тауық, оның баласы балапан. Ал мынау не? Қой, оның төлі қошақан.
Психожаттығу. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Дұрыс, қыс жерде қар жатыр, дала ызғырық суық. Даладан келгенде біздің бетіміз тоңып келді, соны уқалап, жылытамыз, құлағымызды, қолымызды, мұрнымызды уқалаймыз. Өте жақсы, орнымызға отырайық.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап, жауабын айта қойыңдар.
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Қанеки, кім табады? (Қар)
Дұрыс, өте жақсы. Балалар біз таза анық дыбыстарды айту үшін артикуляциялық аппараттарымызды ретке келтірейік, жаттығуларға тоқталып өтейік.
″Тентек тілді жазғыру″ Тілімізді тістің ортасына салып, тістейміз. Ла, ла, ла. ″Төбешік″ Төбешікке бір мініп, зуылдатып сырғанар. Сылақшы — ау, сылақшы, таңдайымды сылашы! Тілімізбен ернімізді жалаймыз! Аттың жүрісін салып, таңдай қағу.
Міне, балалар, сөйлеу мүшелеріміз ретке келді, енді мына жаңылтпашты жатқа айтып, көрейікші.
Қыс қыспаса, қыс па?
Құс ұшпаса, құс па?
Дұрыс, барлығыңда тез жаттадыңдар!
Сергіту сәті: Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Манадан бері жаттығулар жасап, шаршап қалдық енді отырып, біраз дем алайық! Балалар қыс мезгілінде ауаға көптеген зиянды микробтар таралады. Олардың кесірі тимес үшін дұрыс дем ала білу қажет. Дұрыс дем ала білген адамдар тамағын, мұрын қуысын әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды екен. Сондықтан деммен жұмыс жасап, денсаулығымызға көмек берейік.
Деммен жұмыс. Алдымен мұрнымыз бен дем алып, Аузымыздан шығарайық. Аузымызбен дем алып, мұрнымызбен шығарайық.
Мұрнымыздың бір үрпісін жауып тұрып, екінші үрпімен дем аламыз, Енді қолымызды ауыстырып қайталаймыз.
ІV. Шығармашылық жұмыс:
Ал, балалар, келесі жасар жаттығуымыз ұсақ қол маторикасына арналған жаттығу еңбек терапиясы (трудотерапиясын) жасаймыз, яғни күз мезгілі келіп, егін бітік шығып, табиғат — ана бізге молшылық сыйлап, байытты. Енді жасап, өзімізді қуанышқа бөлейік. Стол үстіндегі картон қағазға желім жағып, оған тұқымды желімдеп келген қонақтарға сыйлық жасап беріп, оларды өнерімізбен таң қалдырайық, балалар!
Кім айтады, жасаған жұмыстарыңды сыйламас бұрын түсіндіріңдер, ненің тұқымынан жасалғанын айтыңдар?
Дұрыс, Шемішкенің тұқымынан. Шар, бұршақтың тұқымынан. Міне, балалар, Табиғат — ананың бізге берген сыйынан неше алуан нәрсе жасап, кәдеге асыруға болады.
V. Қорытынды:
Дұрыс жақсы, балалар, бүгін барлығың өте көп еңбек еттіңдер. Рахмет сендерге. Енді келесі сабақта кездесеміз. Сау болыңдар!