Home » Білім және тұлға » Б. Уахатов еңбектері – ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына

Б. Уахатов еңбектері – ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына

(шағын әңгімелері мен пьесалары бойынша)

        Сарыарқа өңірі сияқты киелі өлкеде, қасиетті топырақта дүниеге келіп, өсіп-өніп өз білімін қазақ халқына аянбай паш еткен атақты ғалымдар баршылық. Сондай ғалымдардың бірі – балтаның сабындай ғана қысқа өмірінде ғылымның қиясына өршелеп шығып, оның көкжиегінен  жан-жағына көз салып, барлай бастағанда, мезгілсіз өмірден кеткен, ірі фольклорист, сыншы, жазушы, атақты ғалымымыз – Бекмұрат Уахатұлы Уахатов. 1932  жылы 29 қарашада Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қорт атты киелі, қасиетті жерде Уахат деген адамның  отбасында дүниеге келген.

Б.Уахатовтың еңбегі үш үлкен салада көрінетіндігі анық. Оның біріншісі – халық мұрасын жинап жарыққа шығару ісі, екіншісі-фольклор мен  мен қазіргі  әдебиетті зерттеуші, үшіншісі – тәрбиелік мәні бар әңгімелері мен сол замандағы мәселелерді көркем тілмен суреттей білген жазушы деуге болады.

50-60 жылдардағы қазақ жастарының өмірі Б.Уахатов пьесаларында да көрініс тапқан. Оның 1956 жылы жас жазушылардың республикалық кеңесінде жақсы бағаланған “Түтін”, «Қош бол»,  «Сәтті бастама» атты пьесасы сол кезде кең етек алған-шындықты жаба тоқу жайы мен мансапқорлықты өткір суреттейді. Қаламгер “Тыңайтқыш” бір перделі, үш көріністі атты пьесасында тың Хрушевтің принциптерді сынау сарыны жатты.

Әдебиет саласындағы Б.Уахатовтың еңбегі ұшан теңіз. Біріне-бірі ұқсамайтын, үлкенді-кішілі, әр деңгейдегі қаламгерлердің әр қырынан келіп сыр шертеді. 1954 жылы «Жыланкөз» скетчі,1955 жылы «Мырза жігіт» бір перделі пьесасы,1956 жылы екі көріністі пьесасы, «Мақтаншақ»  бір суретті көрінісі 1957 жылы жазылды.

1956 жылы «Қош бол» , «Түтін» бір перделі, екі көріністі пьесасы да осы жылы жазылды. Ал 1961 жылы «Желіккен жеңгей» бір актілі пьеса, 1965 жылы «Молшылық» атты (бір актілі пьесалар жинағы), 1965 жылы «Шолжың», 1966 жылы  «Ашынған жандар» бір перделі, үш көріністі пьесасы жарыққа шықты.

Заман лебі кейіпкерлерінің қарым-қатынастары, сан алуан мінездер, табиғат көріністері, тілге байланысты шеберлікті жүйе-жүйеге бөліп, бар қыры мен сырын ашады. Бір тұста Б.Уахатовтың шеберлігінің тағы да бір қырын көруге болады.

Сонымен қатар, Уахатов мектеп жасындағы өспірімдерге арнап «Мұқаңның мінезі», «Жолда», «Қарақат», «Күнге сапар» атты әңгімелер арнаған. Онда ол қызықты қылық, мінез күйлерін суреттеп, оларды еңбек сүйгіштікке баулу идеясын ұстанды.  Сондықтан Бекмұратты «Балалар әдебиетінің пірі» — деп атауға болады. Өйткені оның еңбектері ұрпаққа мәңгі өшпес мирас болып саналады.

Жас қаламгердің бұл көркем шығармалары тұтасымен бүлдіршіндер мен жасөспірімдер өмірін, солардың болмысын бейнелеуге арналған. Автор әр туындысына белгілі бір идеяны берік қазық етіп ұстады. Кейіпкерлерінің бейнесін іс-әрекеті арқылы сол идеясына лайықтай сомдады.

Мәселен, Б.Уахатов өзінің “Сын” атты әнгімесінің сюжетін жас ұрпақты әділетті болуға тәрбиелеу идеясына орай тартысқа құрды.

Жазушы  Б.Уахатов  көркем туындыларды ерекше сомдап, халықтың тұрмысын шебер бейнелей білген. Бұған дәлел оның “Қазақ әдебиеті тарихы” кітаптарына жасауды, атап айтқанда, сол тарихтың 1 және томының 2-кітаптарын жазысуы куә. Аталған тарихи кітаптың 1 томының 2-кітабындағы өлеңдер бөлімі Б.Уахатов жазды. 3-томының 2-кітабындағы “Повестер” бөлімі де соның қаламынан шықты.

Осындай із қалдырып, өнімді белдерден асқан Б.Уахатов нағыз ғылымның дәмін татып, өзін-өзі тапқандай сезінеді. Арнасы кең әдебиеттің әйгілі бір қырына қарай ойысады. Уақытқа ілесіп, бәрін түгел дер кезінде жинап-теріп отыру мүмкін емес. Халықтың осыншама бай мұрасына талдау жасап, төркін сырын ашу, әрине ерінбейтін еңбек, қажырлы қабілетті қажет етеді. Осы еңбекке бел буған кезеңнен бастап, Бекмұрат Уахатов өзін нағыз жазушы ретінде танытты. Яғни, «Біздің оттарымыз», «Тағдырлар тоғысы», «Ақсаусақ» деген тақырыпта әңгімелерін жазды.

Б.Уахатовтың еңбегі өлшеусіз, талапты, әрі дарынды жазушы. Мұндай  жазушы-ғалымдар тарихта сирек кездеседі. «Ол шолпан жұлдызы сияқты қайтадан тарихта жанған адам. Шолпан сияқты биікте тұрған адам.Түсіруге болмайды» — деген екен досы Сұлтанғали Садырбаев. Иә, осындай із қалдырып, жеріне мол мұра сыйлаған Б.Уахатовтың еңбегі ұмытылмай, мәңгілік есте қалуы біздің алдымызға үлкен парыз және міндет.

Омарханова Райхан Жанатурмысовна,
Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Мерғалым ауылы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.