Ақтөбе қаласы,
№35 орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі
ЖАЛИМОВА Жанат Кайрхановна
Сауат ашу.
Сабақ тақырыбы: «Б дыбысы мен әрпі»
Сабақ мақсаты:
- «Б» дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру, «б» дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру.
2.Оқушыларды әдептілікке, тәртіптілікке,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
- Оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтауын, зейінін дамыту, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілі: шаттық шеңбері, ой қозғау, кубизм, ой,қорыту, көрнекілік, қызығушылығын ояту.
Саб.көрнекілігі:суреттер, кесте, кубик, буындар, сөздер, жазылған қағаздар, жұлдыздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Шаттық шеңбері.
Бар елде, әлемде тыныштық,
Мен де, сен де тыныштық.
Бар елде, әлемде тыныштық,
Отбасы ішінде тыныштық.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Кубизм әдісі.
А,Т, Ш, М, Қ, Д.
Ата , таға, шана, мата, қала, қола, долана.
- Жаңа тақырып.
Жұмбақ жасыру.
1.Суда тіршілік етеді,
Құрлықта өледі. \балық\
2.Жазу-жаза, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. \бор\
3.Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. \түйе\
Түйенің төлі қалай аталады? \бота\
-Өте дұрыс.
Олай болса, бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі».
Б-дауыссыз ұяң дыбыс.
4.Оқулықпен жұмыс.
Бақа. Дыбыстық талдау.
****
Бақа-қосмекенділерге жатады. Бұл сөз «бақаның» екі мекені бар дегенді білдіреді. Ересек бақа-көбінесе құрғақ жерде, шөп арасында тіршілік етеді. Ал оның баласы есейгенде балық сияқты суда жүреді.
Мен оқимын. Сөздерді түсіндіремін.
Бала-ол сіздерсіздер.
Баба-арғы атамыз, үлкен ата.
Бата-біз бата арқылы көркейеміз, әже-аталарымыз бізге бата берсе, біз жақсы өмір сүреміз. Кім бата біледі?
Бота-түйенің төлі.
Бал-біз балды қайдан табамыз, арадан. Ара-бал беретін жәндік.
Болат-ұлдың аты.
/Бала / балақан / балапан / ботақан /.
-Бота, балапандарға қара.
-Хормен оқыту.
-жеке-жеке оқыту.
-Өте жақсы.
Біздер балық, бақа, бота деп айтты, бұлар тірі табиғатқа жатады.
Олай болса орнымыздан тұрайық.
Сергіту сәті.
Табиғат,
Тіршіліксің, тұнып тұрған,
Сен күнсің, көтерілген күліп тұрған,
Сен көлсің, сен ормансын,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
-Дәптермен жұмыс.
«Б б дыбысы мен әрпі.»
Тақтаға кім бірінші шығады ,сол жазады.
та ор
/ /
Ба-ла Б
\ \
ба ал
Бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, «Б дыбысы-қандай дыбыс?» Қандай сөздермен таныстық? Тақтаға жаздыруға болады.
Бағалау.