Бөлім: Сауат ашу және жазу.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіріктірілген сабақ: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласы.
Мақсаты: Өткен тақырып, «Мм» дыбысы және әрпін қайталау барысында білімдерін бекіту. Жаңа «Б б» дыбысы және әрпімен таныстыру; «Б» дыбысы кездесетін сөздерді ататып, сөйлемдер құрату арқылы сөздік қорларын толықтыру, дыбыстық талдау жасатып, буынға бөлуге дағдыландыру. Ұқыпты жазуға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріп таңбалары жазылған саңырауқұлақтар, хат, текшелер, суреттер, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, смайликтер. Әдіс — тәсіл: сұрақ — жауап, ассоциация, «феш — боун» әдісі.
Билингвальды компоненттер: дыбыс — звук, әріп — буква, дауысты — гласные, дауыссыз — согласные, буын — слог, сөйлем — предложение.
Мотивациялық-қозғаушы — Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Шеңберге тұрып, жылулық сөздерін айтайық.
Әріптер елінің ханшайымынан ерекше хат келеді
Ұйымдастырушылық-ізденіс
— Балалар, бір аптада неше күн бар?
— Бүгін нешінші күн? Ертең ше?
— Қазір қандай ай? Бүгін нешесі?
— Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
— Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай болып?
— Жақсы. Қараңдаршы, балалар, біз қайда келдік?
— Бірінші топ «уық» сөзінде бірінші қандай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріп таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын; екінші топ: «ойна» сөзінің бірінші буыны қандай? Сол буын жазылған саңырауқұлақты алыңдар; үшінші топ: өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық, сол дыбыстың таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын.
(Тәрбиеші әр топтың жұмысын қарап, сұрақ тар қояды)
— Бұл қандай дыбыс?
— Мынау не?
— Сендер қандай әріпті алдыңдар?
— Жақсы сендердің жауаптарың үшін әр топқа жұлдызша беремін.
(Әр топқа тақтаға жұлдызша қойылады)
— Балалар, әріптер елінің ханшайымы сендерге ерекше хат тастап кетіпті. Оқып берейін бе?
(Хатта ханшайым оларға тапсырма бергенін, тапсырмаларды орындаса алғыс жариялайтыны айтылады. Тәрбиеші хатты оқып, суреттер таратады)
— Сендерде ненің суреттері бар?
— Бұл суреттердің қандай құпиясы бар? Жаңа сабақ.
— Ендеше, біз бүгін «Бб» дыбысы және әрпімен танысамыз. Тек бүгінгі дыбыс туралы өздерің түсіндіресіңдер.
(Тәрбиеші жаңа сабақты өздері ашуларына ұсыныс жасайды)
(Тақтада әр топты бағалайды)
— Сендердің ақылдарыңа тәнті болып тұрмын. Ендеше, мына экранға қарап, «Б» дыбысының әріп таңбасымен, «Б» дыбысына кездесетін сөздермен танысыңдар. Сөз ұстарту.
— Сонымен, сендер айтпаған қандай сөздер естідіңдер?
— Ал, «Б» әрпін неге ұқсаттыңдар?
Ахетова Анаргүл Сабалқызы
Тоғыз орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Жоғары санатты маман
Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы