Әлемнің экономикалық форумының жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік көрсеткіштері жыл сайын жарияланып тұрады. Ол жердегі Қазақстанның көрсеткіші жылдан жылға жақсарып келеді. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей біз 2050 жылға дейін алғашқы 30 елдің қатарына кіруіміз керек. Осы көрсеткіштердің ішінде Әділет органдарының негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы да бар. Зияткерлік меншіктің бір нысаны болып табылатын – тауар белгілері, ол осы саладағы заңнамалардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының және бірқатар халықарылық келісімдердің нормаларына сәйкес тіркеледі. Тауар белгілерін тіркеуді зияткерлік меншік ұлттық институтымен және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі зияткерлік меншік құқығы департаменті болып табылатын уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазіргі таңда еліміздің нарығында бөтен тауар таңбаларын заңсыз пайдалану және контрафактілік өнімдердің саны азаяр емес. Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану арқылы кәсіпкерліктің дамытуына кері әсер етуде.
Бұл зияткерлік меншік құқығының бұзылуына, төленбеген салықтар мен адам өміріне кесірін тигізетін әртүрлі зиянды көшірмелер арқылы мемлекетімізге көптеген зиян келтірілуде. Алайда, соңғы жылдары бұл таңбаларға дақ түсіріп жүргендер көбейіп барады. Яғни сол заттың таңбасын алып, өз тауарларын шығарып, мол пайдаға кенелуді мақсат еткен жеке фирмалар жылдан-жылға саны артуда. Бұл дегеніңіз біріншіден алаяқтық, екіншіден сапалы дүниені жоғалту болып саналады. Тұтынушыны сапасыз дүниелермен алдау, көзбояушылыққа әкеп соқтырады.
Тауарлық таңбаны заңсыз қолдану үшін жауапқа тартуға құқықбұзу фактісінің өзі жеткілікті, яғни, тауар таңбасын немесе тауар шығарылатын жердің атауын заңсыз пайдалану арқылы қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісі бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайша жазуларда, жарнамада, баспа өнімінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгізу құқықтық жауапкершлікке алып келеді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158-бабының талаптарына сәйкес, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тауар таңбасын заңсыз пайдалану қоғамда шағын және орта бизнестің дамуына тосқауыл болатын қауіпті құбылыстардың бірі. Сондықтанда әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану және жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі керек.
Н.Дайрабаев
Сырдария аудандық Әділет
басқармасының басшысы, Заңгерлер
қоғамдық бірлестігінің мүшесі