Home » Мақалалар » Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану

Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану

Қазақстан Республикасы 30 озық елдің қатарына шығар жолында, зияткерлік меншік құқығын қорғау бағытындағы жұмыстың да ауқымы кеңейіп, жауапкершілігі де артып келеді. Зияткерлік меншік бұл тек экономика, сауда салаларында ғана емес, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде, шикізат өндіруде, әлеуметтік салада, құрылыс саласында, мәдени өмірде, әдебиет және толып жатқан шығармашылық салалардың бәріне де қатысты. Бұл мәселелер төңірегінде зияткерлік меншік құқығын қорғау әлем тарихында ғасырлар бойы өмірге келіп, өзіндік қалыптасып дамыған, жүздеген жылдармен сабақтасып жатқан тарихи құбылыс. Бүгінгі таңда нарықтық экономика қарыштап дамыған сайын зияткерлік меншік құқығын мейлінше қорғау қажеттілігі туындауда.

Қазір еліміздің нарығында өзгелердің меншіктері саналатын тауарлардың жасалған көшірмелері баршылық. Бұдан зияткерлік меншіктің құқығы бұзылып, төленбеген салықтар, адам өміріне төнетін әр түрлі зиянды жасалымдар арқылы мемлекетке үлкен зиян келтіруде. Соның ішінде – азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, гигиена-санитариялық бұйымдар, құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар, балалар ойыншықтары, тіпті әшекей бұйымдары да кездеседі. Бұл заттар адамның ағзасының улануына, аллергиялық ауруларға апаруына, мүгедек болып қалуына зиянды  әсерін көптеп тигізуде. Сол себептен бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Тауарлық таңбаны заңсыз қолдану үшін жауапқа тартуға құқықбұзу фактісінің өзі жеткілікті, яғни, тауар таңбасын немесе тауар шығарылатын жердің атауын заңсыз пайдалану арқылы қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісі бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайша жазуларда, жарнамада, баспа өнімінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгізу құқықтық  жауапкершлікке алып келеді.

Жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда яғни, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тауар таңбасын заңсыз пайдалану еліміздің экономикасының дамуына тосқауыл болатын қауіпті құбылыстардың бірі. Сондықтанда, бөтен тауардың таңбасын заңсыз пайдаланып, жауапты болғанша, заңды жолмен жүргеніміз абзал.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қызылорда облысы Әділет департаментінің Сырдария ауданының Әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Дайрабаев Нұрбол Дайрабайұлы 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.