Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Мектепке дейінгі ұйымның алдына қойған көптеген міндеттерімен бірге тәрбиеленушілерді оқытуда мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру, жаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Бұл орайда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосындағы «Болашақ» бөбекжайы 2014 жылдың 1-қыркүйегінде ашылып, заман талабына сай жұмыс жасап келеді. Қазір бөбекжайда 3-5 жас аралығында 80 бала тәрбиеленуде.
Мен 2007 жылы «Балауса» балабақшасының меңгерушісі, 2014 жылы «Болашақ» бөбекжайының директоры болып қызметке орналастым. Содан бері осы жұмыстың ыстығы мен суығына төзіп, ащысы мен тұщысын татып, мектепке дейінгі мекеменің өркендеуінің куәсімін. Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі-жан-жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуміз қажет ?
Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен бөбекжай тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуміз қажет.Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді,саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды,және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі-білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгерту.
Ал технологиялық білім дегеніміз – білім, біліктілік, интелектуалдық кәсіптік әдіс-тәсілдерді қолдану.Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды. Білім берудің алғашқы деңгейі бөбекжайдан басталады.Тәрбиеші, мамандардың күнделікті оқу қызметінде М.Монтессори, Тәй-тәй, Құм теропиясы, ТРИЗ т.б жаңа технология бойынша жүргізіледі.Қазіргі таңда бөбекжайымызда Монтессори, Құм теропиясы технологиясына көптеп көңіл бөлініп, арнайы бөлме жасақталған. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып,өз беттерінше жұмыстар атқарып,қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелеу. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді.Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйретейік.Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.
Әзірханова Зәуре Жолдасқызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Болашақ»бөбекжайы» МКҚК
директор