Жезқазған қаласындағы КМҚК № 13 «Ертөстік» бөбекжайында 2017 жылдың ақпан айының 2-13 күндерінің аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты балаларды рухани- адамгершілік сезімге тәрбиелеу және дамытуға байланысты онкүндік өткізілді. Іс-шаралар аясында балаларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірінде қолдануға бағытталды.
Онкүндіктің ашылуы бөбекжай директоры Тағыбергенова Н.Қ, «Мейірім төгетін ана» «Өзін-өзі тану» өнегелі-рухани білім ересек «Бәйшешек», «Айгөлек» топтарында тәрбиешілер М.Б.Омарова, Умиртаева Б.А , О.М. Романова және өзін-өзі тану мұғалімі Сатибалдина Лаура Ерғалиқызының «Мейірім төгетін ана» «Өзін-өзі тану» өнегелі-рухани білім бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі туралы көрме, «Ізгілік әлемі» атты ересек топтары арасында шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме балалардың ата-аналарымен бірлесіп жасалған шығармашылық жұмыстарына толды. Өз суреттерінде, қолөнерлерінде балалар өздерінің Отанын, қоршаған табиғаттың әсемдігін, туыстарына деген сүйіспеншілігін, мейірімділіктерін көрсете білді. Балалар өз суреттерінде бояудың ашық, айшықты түстерін пайдалануға тырысты. «Достық — неден басталады?» дәстүрлі емес түрінде құрған ашық оқу қызметінен басталды.
Оқу қызметінің мақсат – міндеттерін орындау барысында балаларға адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер берілді, өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбие беретіндей ойындар ойналды. Сол сияқты «Бәйшешек» тобы балаларымен балабақша психологы Сахиева Гүлжайна Нұрланқызының «Шынайы тілектер күні» атты ойын-тренингі де өте қызықты өтті. Әр адам өзін тани білсе, ол адам өмірде өз орнын таба біледі деген сөз. Осы ойын-тренинг кезінде балалар өздерінің жақсы жақтарын айта отырып, бір-бірлеріне деген шынайы сезім, тілектерін білдірді. Бұл – олардың өздерін сыйлай, бағалай білуі, эмоцияларының дамуы.
Онкүндіктің барысында «Бақытты балалық шақ» тақпақ мәнерлеп оқу, ән шырқау, «Әжемнің шебер қолдары» іс-шаралары жүргізілді. Бұл іс- шаралардың мақсат-міндеттері: балалардың өз ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін дамыту, күнделікті бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін тәрбиелеу, қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» әдеби-музыкалық ертеңгілік жүргізілді. Ұжымдық жұмысы бойынша әр бала мейірімді, сыпайы сөздерді айтып өз гүлдерін құрды, ақырында «Мейірімділік алаңқай» полотносы шықты. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өтілген онкүндік барысында бөбекжай балалары ізеттілік, сыпайылылық, әдептілік, достыққа байланысты іс-шаралар арқылы, мейірімділік шуағына ие болды, соңы «Ертөстік» бөбекжайында «Тілек ағашы» іс-шарасы арқылы аяқталды.
Адамгершілік-рухани тәрбие мен білім балаларға дүниеге сеніммен шаттана қарау және өз жетістіктеріне сенімді болуға, тәрбие және білім алу процесінде тиімді әлеуметтенуіне зор ықпалын тигізеді.
№13 «ЕРТӨСТІК» бөбекжайының әдіскері
САТИБАЛДИНА ЛАУРА ЕРГАЛИЕВНА