Home » Балабақша » Бөбекжайдың кішкентай бишілері

Бөбекжайдың кішкентай бишілері

 Оралдағы №12 «Аленушка» бөбекжайында би өнерін ұлықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Бөбекжай тәрбиеленушілері би дәрісіне ерекше қызығушылықпен қатысады. Нәтижесінде бишілер тобының бағындырған белестері аз емес. Жуырда ғана Оралда өткен ІІ республикалық ән-би және өнер байқауында «Аленушка» бөбекжайының биші бүлдіршіндері жүлделі ІІ орынды иеленіпті. – Жалпы би өнері – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық өнер. Сондықтан бөбекжайымызда өнердің бұл түрін балалардың меңгеруіне баса көңіл бөлінеді. Бүлдіршіндеріміздің өнерін шыңдау үшін аянбай еңбектеніп, облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда өз өнерлерін көрсетуіне атсалысып келеміз, – дейді бөбекжайдың ІІ санатты музыка жетекшісі Айнұр Серғалиева. Балғын өнерпаздардың бүгінгідей жетістігінің өзі олардың болашақта өнердің биігінен көрінеріне күмән келтірмейді. Бөбекжай қабырғасындағы ұлттық өнерге деген ұмтылыс табысты жеңістерге жетелері сөзсіз.

 


Ләззат ҚАЖЫМОВА,
«Білім айнасы»,
Орал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.