Home » Мақалалар » Бөбекжайда ашылған мұражай

Бөбекжайда ашылған мұражай

Қ.Р Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жезқазған қаласының білім бөлімінің №14 «Балдырған» бөбекжайында «Өлкетану» мұражайының іргетасы қаланып, алғашқы жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын насихаттай отырып, жүзеге асыру мақсатында ашылатын «Өлкетану» мұражайы бөбекжайдың 2016-2019 жылдар аралығына арналған даму стратегиясында жоспарланған болатын.

Бүлдіршіндердің бойына ұлттық ерекшелігімізді сіңіре отырып, заманауи жаңғыру балабақшалардан бастау алары сөзсіз. Осы тұста «Өлкетану» мұражайының ұлттық тәрбие, патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор болмақ. «Өлкетану» мұражайына арналып жасалған көрнекті шкафтар үш тақырыпқа бөлінген.

  1. «Ұлытау – ұлт ұясы» тақырыбында үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытау туралы жазылған әдебиеттер, плакаттар, журналдар, ән-жырлар, тарихи өлкедегі ескерткіштердің макеттері жинақталған.
  2. «Рухани жаңғыру» тақырыбы бойынша Ұлт Көшбасшысының еңбектері, Елбасы жайында жазылған кітаптар, әсем қала Астананың сәулетті ғимараттарының макеттері жинақталған.
  3. «Жезқазған — мысты қала» тақырыбы бойынша Жезқазған өңірін зерттеп, бағын ашқан тұңғыш академик Қ.И. Сатпаев туралы мәліметтер, Жезқазған өңірінің атақты кеншілері мен металлургтері жайлы жазылған топтамалар, «Қазақмыс» корпорациясы жайлы материалдар және сувенирлер жинақталған. «Өлкетану» мұражайының бастамасын тамашалаған ата-аналар мен бөбекжайға келушілер ондағы жәдігерлердің бүлдіршіндерді туған жерін құрметтейтін, оның тарихы туралы білетін, Отанын сүйетін нағыз патриот тәрбиелеуде дәл бүгінгі күні өзекті екенін айтып жатты.

«Өлкетану» мұражайын ашуды жоспарлап, мұрындық болып жүрген №14 «Балдырған» бөбекжайының директоры — Айгүл Дюсенбайқызы басқарып отырған ұжым алдағы уақытта да мұражайды жәдігерлермен толықтырып, қала жұртшылығы тамашалайтындай жағдайға жеткізуді мақсат тұтады және сол үшін шығармашылықпен жұмыс жасайды.

  

А.Д. Дюсенбаева,

№14 «Балдырған» бөбекжайы

директоры,

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.