Home » Мақалалар » Бәсeкеге қабілетті  тұлғаны қалыптастыру  –  әрбір ұстаздың міндеті

Бәсeкеге қабілетті  тұлғаны қалыптастыру  –  әрбір ұстаздың міндеті

     Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мемлекетіміздің іргетасын берік етіп қалап, тәулсіздіктің көк туын әлемге паш еткен, әрине, мұның бәрі тек ынтымақтастықтың, бірліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында келген дүние.  Ал бүгін әрбір қазақстандықтың алдында тұрған:  Бір мақсат,  бір мүдде, бір болашаққа деген сенім. Ата-бабаларымыздың аманат еткен  Атамекеніміздің бүгінгі,  келешектегі ұрпағы қандай болуы керек? Бұл – білім саласында бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Бәсекеге қабілетті, білім, тәрбие нәрімен сусындаған, функционалды сауатты, өмірдің кез келген жағдаятында дұрыс шешім қабылдай алатын, үш тілді меңгерген, адами құндылықтары жоғары тұлғаны қалыптастыру – мұғалімге жүктеліп отыр.  Осыған орай мемлекетіміздің әрбір ұстазы жаңартылған  оқу бағдарламасын өз бойынан өткізіп, «Біз нені оқу керекпіз?», «Біз нені оқыту керекпіз?», «Бала бойында қандай құндылықтарды қалыптастыру керекпіз?» деген сұрақтар төңірегінде ой саралап, өзі саналы түрде жете түсінуі кажет.

Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясындағы «Өмір бойы оқу-үйрену», заман ағысымен ілгерілеуді басшылыққа ала отырып «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» базасында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту» бойынша өз білімімді жетілдірдім. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» демекші, тренеріміз Ж.Г. Абдукадировнаның арқасында мен және курс тыңдаушылары жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнын жоғары деңгейде меңгердік. Тренер бізге «соқырға таяқ ұстатқандай» барлық дүниені егжей-тегжей түсіндіре білді. Ол кісінің кез келген дүние туралы жүйеленген, сыни тұрғыда қалыптасқан ой-тұжырымдамалары бар екендігін, сөз сараптауда, сөйлем мағыналарының, ой мағыналарының  бір бірімен  үйлесім тауып, тақырыпты ашудағы қолданған әдіс-тәсілдері айқын және нақты  екенін аңғардым. Өз кәсібін жан-жақты меңгерген шебер маман екенін көрсете білді.

Курс барысында тренердің берген теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып шығармашылық, зерттеу, іздену қабілеттерімізді дамыттық.

Абдукадировнаның арқасында: орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілгенін білдік; 21 ғасыр адамға қажетті қабілеттер мен қасиеттердің қандай болуы керектігін; кең ауқымды дағдыларды қолданылуын; белсенді оқу әдістері, белсенді мұғалім, белсенді оқушының рөлін оқып үйрендік;

Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Әр сабақтың оқу мақсаты дайын, сондықтан  сабақтың өң бойында осы мақсатқа жету үшін жұмыс жасау керек екенбіз. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, крийтериялдық бағалау жүйесіне өтеді екен. Крийтериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр екен.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, мемлекетіміздің әрбір азаматының сауаттылығы, тәрбиелілігі мұғалімнің қолында, біліммен қатар біз «Мәңгілік Ел» идеясындағы құндылықтарды бала бойына жастайынан сіңдіре білуіміз керек.  Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беретін – Ұстаз.

Осы Ұстаздар қауымына және Гүлнұр Абдукадировнаға өз алғысымды білдіргім келеді.

Омар Шолпан Сейдрахманқызы, 

№ 62  Н.Төреқұлов  атындағы жалпы орта мектеп

 ОҚО, Шымкент

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.