Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік ел болуға бет бұрды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттың ойына сілкініс әкелді. Бұл мақсатты жұмыстарға қол жеткізуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы негізгі тұжырымдамалық тәсіл «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына орай Отан сүйгіштікке, патриоттыққа жас ұрпағымыз тәрбиеленуде. Білім беруді дамытудың мемлекеттік және Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша мектебіміз жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мектеп оқушыларына білім беру-ұстаздың біліктілігі мен кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты десек, мектепте жоғары санатты — 6 мұғалім, І санатты — 20 мұғалім, ІІ санатты -15 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білімді мұғалім, арнаулы орта білімді-3 мұғалім, барлығы 53 мұғалім еңбек етуде. Білім беруді цифрландыру , компьютермен қамтылуы, электронды журналға көшу, BilimLand және тағы басқа электронды әдістемелік ресурстарын пайдалану, робототехника, интернет жылдамдықтарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Мектебіміздің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында химия, физика кабинеттері толығымен жабдықталып отыр және 11 интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі.
2017-2018 оқу жылында мектеп оқушылары көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ, Аудандық пәндік олимпиададан 11 оқушымыз жүлделі орындарды иеленсе, 11 сынып оқушысы Жайшылықұлы Асылхан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып (пән мұғалімі Бибігүл Әбдрасылова) облыстық пәндік олимпиададан ІІ орынмен марапатталды. Сондай-ақ аудандық, облыстық, республикалық дәрежеде өткізілген ғылыми жобалар байқауына қатысып 11 сынып оқушысы Жайшылықұлы Асылхан республикадан І орынмен марапатталса, бастауыш сынып оқушысы Елемесов Шерхан (мұғалімі Әзиза Талқанбаева) «Зерде» Республикалық ғылыми жобалар байқауынынң облыстық кезеңінде ІІ орынмен марапатталды. Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Алашбаева Айзада шәкірті Сапар Елжанмен «Электронды күбі» жасап «Рухани жаңғыру-кемел келешек кілті» облыстық байқауының «Техникалық және инженерлік» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен , ал «Өнертапқыштар » облыстық байқауынан 10-сынып оқушысы Сапар Елжан (Жетекшісі-Мерекова Қалампыр) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Басқа да мектеп оқушылары спорттық жарыстар, мәнерлеп оқу, шығармалар байқауы, үздік оқушы сынды түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды жеңіп алды. Жыл көлемінде мұғалімдеріміз де түрлі педагогикалық оқулар, авторлық бағдарлама, педагогикалық бейнебет, тағы басқа байқауларға қатысып, 24 мұғалім жүлделі орындармен марапатталды. 2017-2018 оқу жылында 317 оқушы білім алса, 20 оқушы мектепті бітірді. 20 бітірушінің 15-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысып , 4 оқушы мемлекеттік грант иегері болса, 10 оқушы «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» Серпін-2050 бағдарламасы аясында білім гранттарын жеңіп алып, барлық мектеп бітірушілері оқумен қамтылды. Қорытындылай келе баланың жан-жақты ашылуын, оның білімге қызығушылығын оятып тұлғаға айналдыру- мұғалім еңбегінің жемісі. Мұғалім оқушы бойына әлеуметтік ортаға бейімделу, алған білімін практикада тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіре білу керек. Ендігі ұрпақ –мәңгілік қазақтың ұрпағы. «Ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру- біздің борышымыз деп білеміз.
Алмаганбетов Бақытбек Азилханович
«Қармақшы аудандық білім бөлімінің №109 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры