Home » Айтарым бар » БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫ

 Елбасының Жолдауы – тарихи құжат. Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын асыға күткен институт ұжымы Жолдаудың әрбір бағытын талдап талқылау барысында алдағы атқарылатын жұмыстарын жүйелі жоспарлауды бастап та кетті. Себебі, Жолдаудың жетінші бағытында Адами капитал – жаңғыру негізі білім берудің жаңа сапасына Елбасымыз анық та айқын бағыт беріп отыр. Яғни, …Орта білім беру саласында жаңартылған білім беру мазмұнымен жұмыс басталып та кетті, ол 2021 жылы аяқталатын болатындығы айқын айтылды. Педагогтерді оқыту және олардың біліктілігін арттыруды міндеттеп отыр. Сонымен қатар, барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек және бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседіндігін айтты. Білім саласындағы үштілділікті де ұмытпаған Елбасы, қазақ тілінің ғұмырлы болуы үшін терминологиялардың аудармасын қиындатпай, қазіргі заманға лайықтау керектігін және латын әліпбиіне ауысу қажеттілігін де баса айтып өтті.

Әрбір қазақстандықты қуантатын бір жаңалығы денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 пайызға, стипендиялар 25 пайызға өсуі.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар тұлға дайындау – әрбір мұғалімнің, педагогтің парызы болса, сол педагогтардың біліктілігін арттыру біздің негізгі міндетіміз деп білемін.

Гүлхан Сабырханқызы АМАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша біліктілікті
арттыру институтының тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.