Home » Жаңалықтар » Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған мақсат- нәтижесі білімді кадр даярлау

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған мақсат- нәтижесі білімді кадр даярлау

Сәуір айының 24 жұлдызы Қарағанды қаласы, «№ 5 ЖОББМ»  Білім беру  технопаркінде болашақ мамандықты дұрыс таңдап, сапалы білім алуды көздейтін жұмысшы, инженерлік-техникалық сала, экономика, педагогика және медицина мамандықтары бойынша кәсіби бағдарлау «ТҮЛЕК-2019» дәстүрлі іс-шарасы жалғасын тапты.

Білім беру технопаркі тығыз жұмыс жасайтын тірек мектептерінің № 5,15,16,23,27,39,57,59,81  9-11 сынып оқушылары және әлеуметтік серіктестері: ҚарМТУ, ҚарМУ, ҚММУ, ҚҚЭУ, қала колледждері, Халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыс берушілер қатысқан көрме семинармен жалғасты.

Семинар бағдарламасында: «Жұмысшы, инженерлік — техникалық сала, экономика, педагогика және медицина мамандықтары бойынша кәсіби бағдарлау» тақырыбы қарастырылды. Қатысқан оқушылар бірыңғай жүйелі түрде мамандықтың оқытылуы, мамандықты дұрыс таңдау жөнінде мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, қазіргі еңбек нарығының сұранысындағы мамандықтарды профессор, оқытушылармен бірге талқылады.

10 жылға таяу уақыт ресурстық орталық ретінде жұмыс істеген мектеп, биыл қазіргі жаһандану заманына орай, оқушыларға креативті көзқараспен білім беру технопаркіне ауысқан.  Білім беру технопаркінде 10-11 – сынып оқушылары  safe driving and roat safety, медицина және фармацевтика, IT технология, қазіргі педагогика және психология, дизайн технологиялары «hand made»,  технология саласындағы қызмет көрсету және таныстыру бағыттары бойынша алғашқы кәсіби техникалық білім алады.  «Осының барлығы егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар және оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс–әрекетінде креативті әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берудеміз» — дейді мектеп директоры Ержан Құрмашұлы.

Шараға қатысушы №15 ЖОББМ-тің 11-сынып оқушысы Сүлейменова Лаура өз болашағын фармацевтика саласында екенін әлден елестетіп қойған. Бүгінгі көрмеде ҚММУ, ҚарМТУ, ҚҚЭУ мен ҚарМУ университеттерін түбегейлі бақылап шыққан ол, ол академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология-химия факультетіне түсуге шешім қабылдағанын айтады. Себебі, ҚарМУ-да бакалавриат бойынша 78 мамандық болса, жастар жылына орай тұңғыш Президентіміз бекіткен қосымша 20 000 грантты қосқанда 54 000 грант бөлініп отырғандығында.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі–инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, оқушының дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы болашақта бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Осы үшін де жылына екі рет оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдап, сапалы білім алуды көздейтін дәстүрлі көрме өтеді.

 

  Айгерім ХАМИТ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.