Home » Жаңалықтар » БӘРІ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ…

БӘРІ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ…

Рухани-адамгершілік белім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру аясында жыл сайын ақпан айының 1-12  жұлдызы аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында   «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігі өткізіледі. Биылғы жылы да дәстүрлі өткізілетін  бұл іс-шараға Тараз қаласындағы №15 мектеп-гимназия ұжымыда ерекше ат салысты.

Онкүндік аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып, балалар мен мектеп ұжымын қуанышқа бөледі.   Онда әр күн — ерекше  мейірімділікпен, қайырымдылықпен, тыныштықпен, махаббатпен, күлкімен, құрметпен толтырылған: «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу жарысы, «Қайырымдылық жер бетінде» атты флешмоб, «Ән көңілдің ажары» атты әнші балапан байқауы, «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.   Әр бір күн оқушылар үшін жаңалық болды – олар ертеңгі күнгі өткізілетін іс-шарадан ерекше қуаныш пен шаттық күтті.  Өздерінің  әрекеттерін пайымдап,  өздерінің жасаған игі істерінің нәтижелерін болжады және бағалады.  Жасаған әр бір істен өмірлік сабақ алды деп ойлаймыз.

Он күндік аясында мектеп ұжымы толықтай ат салысып,  өздерінің үлестерін қосты. Әсіресе, ерекше атап өтетін іс-шара  «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты қайырымдылық акциясы. Себебі, бұл іс-шараға мектеп  ұжымымен қатар ата-аналарда айрықша ықылас танытып, өз тараптарынан демеушілік жасады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — демекші акция аясында  үйден оқитын балаларды мектепке шақырып, өздерінің сыныптастары мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тарту етті. Бұл оқушылардың арасында да өздерінің өнерлерін көрсеткен оқушылар болды. Сыныптастары өздерінің махаббаттары мен қамқорлықтарын сыйлады, олар осы өмірде жалғыз емес екендігін сезінді. Сонымен қатар, ата-аналар және мектеп ұжымының демеулігімен оқушыларға сыйлықтар берілді.

«Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар бұл пәннің адам өмірінде өте маңызды екенін сезініп, үлкен өмірге қадам жасау өзіңді танудан бастау алатынын түсінді.

Абдикеримова Назира Жорабекқызы
педагогика ғылымдарының магистрі
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

деңгейлік бағдарламалар орталығының

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренері

 Бектас Гүлстан

№15 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.