Home » Балабақша » Бәрін білгім келеді

Бәрін білгім келеді

 

 

Білім беру саласы: -«Қатынас»,«Әлеумет», «Таным»

Бөлімдері: Көркем әдебиет,Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру, Қарапайым математика ұғымдары

Тақырыбы:«Бәрін білгім келеді»

Максаты:Балалардың ойынға деген қызығушылық арттыру. Ойын әрекеті дағдыларын қалыптастыру: серіктестермен оқиғаға біріктірілген ойын әрекетін орындау.

Балалардың тілдерін дамытып,ойын-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту мен есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Балаларға мән-мағынасы бір-біріне қарама қарсы сөздерді –антонимдермен таныстыру.

Балаларды ертегіне деген қызығушылығын арттыру. Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Заттар әлемі туралы түсініктерін бекіту.Заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы анықтау үйрету. Балаларды айналадағы қоршаған ортаға танымдық қызығушылықпен қарауға баулу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: демонстациялық материал,ойын алаңы,түрлі-түсті хаттар, «ұяшықтар мен пішіндер» ойыны, теледидар, қара шәшік, «ақылды» кітап.
Сөздік жүмыс: Қазына
Қайырлы күн,балалар!
Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.
Қәнеки,бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып,бір-бірімізбен, қонақтарымен сәлемдесейік.
Шаттық шеңбер
Біз балдырған тең басқан ,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз.
Балалар, сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Ендеше, мен бүгін «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынға шақырамын.
Ойынды бастамас бұрын мен сендерге жыл бойы өткен оқу қызметімізді еске түсірейікші.
Кәзір жылдың кай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар бар?
Атап беріңдерші?
Бір аптада неше күн бар?
Атап беріңдерші?
Қ.Р. Рәміздерін атап бер?
Ұлттық үй?
Ұлттық валюта?
Табиғат дегеніміз не?
Нешеге бөлінеді?
Жылан ұзын ба жұлдызқұрт ұзын ба?
Нұртөре 5 жаста Эмир 4 жаста кім үлкен?
Жасыл түсті мойын орамалы бар балалар жасыл бұрышта тұрған үстелге отырады, ал қызыл орамалдары бар балалар қызыл бұрыштағы үстелге отырады.
Балалар орындарына жайғасады.
Ойын шартымен таныстырайын. Сендердің алдарыңда ойын алаңы бар.Ойын алаңы секторлерге бөлінген. Әр секторде көрермендер жіберген тапсырмасы бар түрлі-түсті хаттар. Әр тапсырманы орындаған соң теледидардан әріптер шығады. Сол әріптерден сөз құрағанда біздің топтың аты шығады.
Іске сәт
Бірінші раунд 
Бірінші хаттын ойын-тапсырмасы «Керісінше» деп аталады.
Сендер бір-біріне қарама-қарсы сөздерді атаңдар және
суретін көрсетіңдер.
Мұздай қар-ыстық шәй
Ақ қағаз-қара қалам
Тәтті қант-әшші бұрыш
Жаңа кітап-ескі дәптер
Қатты тас-жұмсақ жастық
Жарық күн-қараңғы түн
Жарайсыңдар.
Теледидарға әріп шықты.
Қандай әріп?
«Қ» Қ дыбысына сөз құраймыз.
Екінші раунд!
Мен жебені айналдырайын!
Келесі хаттағы тапсырманы оқиын.
Ребус шешу
Айгул
Бір қазан
Т.б
Жарайсыңдар.
Теледидарға әріп шықты.
Қандай әріп? «А»
Үшінші  раунд!
Мен жебені айналдырайын!
Келесі хаттағы тапсырманы оқиын.
«Ақылды кітаптың» тапсырмаларын орындайық.
Ақылды кітап ертегінің үзіндісін оқып береді.
Ал сендер қай ертегінің үзіндісі екенін айтып беріндер.

  1. Қызыл телпек
  2. Мақта қыз бен мысық
  3. Маша мен аю

4.Қоян мен түлкі
Балалар ертегіден үзінді тыңдап атын атайды, Ертегіні сахналап береміз
Жарайсыңдар.
Теледидарға әріп шықты.
Қандай әріп?
«З» әрпі
Мен жебені айналдырайын!
«Музыкалық үзіліс»
 Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп, өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Көпке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз

Бақшамызға барамыз

Біз білімді боламыз

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз

Жаттығуды біз жасап

Шынығып та аламыз

Жарайсыңдар.

Төртінші раунд!

Мен жебені айналдырайын!

Келесі хаттағы тапсырманы оқиын.

Математикалық ойын. Ғажайып қоржын.

Жарайсыңдар.

Теледидарға әріп шықты.

Қандай әріп?

«Ы» әрпі

Бесіншу  раунд!

Мен жебені айналдырайын!

Келесі хаттағы тапсырманы оқиын.

Артығын тап

«Н» әріпі

Алтыншы раунд

Заттардың қасиеттерін зерттейді.

Қағаз-суға батады, ериді, жыртылады, мыжылады, кесіледі, жанады, ойыншық жасауға болады, бүктеледі, бетіне сурет салуға болады.

Мата-қалың-жұқа болады, қырқылады, жыртылады,тігіледі, жанады, мыжылады, үтіктелінеді, одан киім, перде тігеді

Ал командалар дайындалып жатқанда қонақтардың көмегі керек болып тұр.Ең соңғы жәшіктегі зат ол-шыны.Шыныны бір-біріне беріп ойланбай қасиеттерін атаңыздар.

Жарайсыңдар.

Теледидарға әріп шықты.

Қандай әріп?

«А» әрпі.

Қонақтардың көмегімен теледидарға әріп шықты. Қандай әріп?

Енді осы әріптерден сөз құрайық. Қандай сөз болып шықты?

Балалар сөз құрайды:

ҚАЗЫНА

Мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.

Балалар ортаға шеңбер құрады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қарапайым мысалдарды шығару және салыстыру

Игереді:серіктестермен оқиғаға біріктірілген ойын әрекетін орындау.

Меңгереді: зейіні мен логикалық ойлау қабілетін

 

 

Ештаева Нургул Мансуровна,
Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің
№87 «Қадыр» балабақшасы
мектепалды даярлық тобының
тәрбиешісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.