Жаз жайдарлы келіп жетті сәнімен,
Ата, әже! – келіп жеттім тағы мен
Деп, кішкентай Арман енді жүгіре,
Құшағына атасының «Дәрумен»
Мауқын басып сағынысқан немере
Ата, әже мейіріміне бөлене,
Тізесіне басын қойып бұл Арман,
Көзін тігіп биік тауға мұнарған
Ойлы жүзін Арманжанның аңғарған,
-Осы балам, сұрақ қойғың келе ме?
Иә, ата мұны қалай байқадың?
Дұрыс болар үйреткенің, айтқаның
Бірде апай сұрап бізден сабақта
Жеті атасын кім біледі? – айт жаным.
Мен білмедім, білмеді тағы біразы
Үйреніп, жаттап келіңдер деді бұл жазы
Тапсырма берді апайым бізге осылай,
Үйретші ата, айтайын менде тосылмай.
Қуанды ата, немерем жігіт болды деп,
Білімді өзі ақылды әрі ойлы деп
Жазып жүрген қойын дәптерін алды да,
Жаттатты оған ойында жүрген «Сыйын» көп.
Зерек Арман жаттап алды мүдірмей,
Айта берді қайталап іштей кідірмей.
Асыр салып ойнап жүрді аулада
Ал, атасы қарап отыр күлімдей.
Елбасы айтқан ел үмітін ақтайтын,
Бұл Рухани жаңғыру деп түсінгей!
Басталады бәрі сенің үйіңнен,
Басталады ұлттық ән, би, күйіңнен.
Басталады бұл рухани жаңғыру
Ата, әже өсиеті, «сыйымен»
Басталады Абай, Ыбырай, Мұхтардан,
Қазақ елін қараңғылықтан құтқарған.
Басталады бұл рухани жаңғыру
Өз еліне ғашықтардан, құштардан.
Бұл жаңғыру ел еңсесін көтерер
Отаныма күн көмбезін көмкерер.
Қырандайын қазақ елім қырағы
Бұл рухани жаңғыру деп ел білер!
Ұлттық сана жаңғырады ұлтыммен,
Жаңарады, жасарады жұртыммен.
Айға жетіп, абыройың асқақтап,
Тәуелсіздік аспанында күн күлген.
Бұл Рухани жаңғыру деп білдім Мен!
Мамбетова Гүлназ Бакытовна,
№27 жалпы орта мектебі КММ,
Қосымша білім беру педагогы
Түркістан қаласы