Home » Жаңалықтар » «Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күнін» орай Тараз қаласында іс-шаралар ұйымдастырылуда

«Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күнін» орай Тараз қаласында іс-шаралар ұйымдастырылуда

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы желтоқсанның 18-інде белгіленген қарарына сәйкес, аутизмге шалдыққандарға қоғамның назарын аудару үшін 2008 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2-сі Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні деп белгіленді.

Облыста ерекше білімді қажет ететін 7911 мүмкіндігі шектеулі баланың      125-і аутизмге шалдыққан. Бүгінгі таңда облыстағы жалпы білім беретін 446 мектептің 308-де (69,1%) және 381 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 127-де (33,2%) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдай жасалған (пандустар, сүйенетін жақтаулар, кең есіктер, тактильді жолдар, демалыс бұрыштары).

«DARA» және «SAMRUK KAZYNA ТRUST» қайырымдылық қорларының қолдауымен Тараз қаласында №25 орта мектеп жанынан инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті ашылып, онда 120 ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар қамтылған.

Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға жағдай жасау мақсатында 2019 жылы облыстық білім басқармасы Астана қаласындағы Ұлттық оңалту орталығы және Алматы қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды. Меморандум аясында 2019-2020 оқу жылында Тараз қаласындағы 2 орта мектепте «Әр бала мектепке лайықты»  жобасы  аясында аутизм және басқа да дерттерге шалдыққан балаларға арналған инклюзивті қолдау кабинеттерін ашу жоспарланды.

Облыстық білім басқармасының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығының мамандары аутизм белгісі бар балалармен және олардың ата-аналарымен, түзету кабинеттері мамандарымен, жалпы білім беретін мектеп  мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстар да биыл өз жағасын тауып бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осыған орай Тараз қаласындағы Оңалту орталығында «Біз бақытты баламыз» акциясы мен №25 орта мектепте оқушыларның флешмобы, «Мәңгілік Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі асфальтқа салынып, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында облыстық конференция өтеді.

 

 

Жансая Құрманғалиқызы,
Тараз қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.