Home » Мақалалар » Бүгін бізде семинар….

Бүгін бізде семинар….

Семинар – практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Бүгін, 17.07.2017ж, «Алан» шағын балалар орталығында «Білім айнасы» редакциясының жетекшісі Мадина Серікқызы «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар өткізді. Семинарда басты тақырып мақала туралы болды. Мақала дегеніміз не, оның міндеттері, құрылымы, түрлері туралы терең ұғым қалыптасуына бүгінгі семинар себеп болды.

Семинарда ұжым болып біренеше сұрақтарды талқыладық. Семинарға «Алтын», «Еркетай», «Бақша» шағын орталықтарынан тәрбиешілер мен әдіскерлер қатысып отырды. Семинар басында қатысушыларды 2 топқа бөліп, жарыс ұйымдастырды. Соңында әр топ бүгінгі тақырыпқа сай бір мақала жазды.

Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеу мына бізге, яғни, тәрбиешілерге бұйырып тұр. Ал, бұл мәселе уақытты күттірмейді. Қазіргі таңда білім беру балабақшадан басталады. Біз балалармен көп жұмыс жасаймыз. Әрбір тәрбиешінің міндеті – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Тәрбиеші әрдайым өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Енді, міне мемлекет тарапынан тәрбиешілер мен мұғалімдерге үлкен көмек – «Білім айнасы» газетіне мақалаларымызды 5 жылға тегін жариялауға болады. Әріптестермен тәжірибе алмасу үшін бізге жұмыстарымызды осы «Білім айнасы» газетіне тегін жариялауға мүмкіндік туып отыр. «Білім айнасы» редакциясының ұжымына алғысымыз шексіз. Сіздерге табыс пен береке тілейміз!

 

     «Алан» және «Еркетай» шағын балалар

орталығының әдіскері А.С.Дауылбаева

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.