Home » Білім және өнер » Бүгінгі таңда білімсіз де күн көре аламыз ба?

Бүгінгі таңда білімсіз де күн көре аламыз ба?

 

Әр заманның, әр тарихи кезеңдердің өзіндік дарынды өкілдері дүниеге келіп, олар өз елінің, өз халқының мұң – мұқтажын көре отырып, бар күш жігерін, өз халқының өркендеп өсуіне, дамып жетілуіне, азамат ретінде ықпал етеді.

Сондай тұлғалардың бірі – аса көрнекті, дарынды ағартушы, жаңашыл ұстаз, өз халқының інжу –маржан жырларын жақсы білетін , ақын –жазушы қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин. Ол өз халқын жан – тәнімен сүйген , қазақ халқы мәдени көркейіп өсуі үшін, бойындағы бар жигерін аянбай жұмсаған нағыз ұлтжанды адал азамат еді. Қазақ балаларына білімнің кілтін ұстатып, жан сезімі , бойындағы намысы оянсын деп, мұратқа жетсін деп, тұңғыш педагог қазақ даласында алғашқы мектеп ашқан болатын. Ол өз еңбектерінде , өз дәуірінің мұрат – мүдделерінің кәдесін, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: « Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қайсар жандардың аруағының алдынды қашанда қарыздармыз .»

Ыбырай қараңғылықтың не екенін біліп, күн сәулесіне көз ашып, білімнің не екенін түсіндірді, оның маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетті.Дүниедегі ең ескірмес мұра, сарқылмас өнер –білім екенін түсіндірген ағартушы.

Бүгінгі өркениетке өркендеу кезеңде жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеудің аса қажеттігі пайда болған кезде Ыбырайдың ізгілік жөніндегі ойларын шәкірттердің жүрегіне ұялатудың, және келешек ұрпақты Ыбырай дәстүрі негізінде тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.

Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында аса қатаң талап қоя білетін. Ыбырай жастарға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білетін. Ол шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін. «Барлық күш —жігерімді олардың мінез-құлқына да ықпал етуге

жұмсаймын…», — деп жазған. Ыбырай озық өнер-білімді, мәдениетті мектеп арқылы тарату, насихаттауды мақсат етті. Оның озық идеялары бүгінгі күн талабына дәл ұштасады. Ыбырай Алтынсаринсариннің қай шығармасын алсақ та, әрқайсысы қазіргі тәрбиелеу мәселелерін шешуге, мәңгі құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу үшін қолданыла алады. Мысалы барлық балалар жатқа білетін «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі-білімге шақыру ұраны. Ыбырай өлеңінің әр шумағында өнер-білімнің айрықша құндылық қасиеттерін суреттеп, оқушыға білімнің баға жетпес артықшылығын дәлелдей алды.

Бүгінгі күндегі өткір мәселенің бірі — балаларды жаппай оқытумен қамту. Кейбір жастардың ақшам болса, бәріне жете аламын, білімсіз де күн көре аламын деген қате пікірін осы өлеңнің идеясы жоққа келтіреді, білімсіз, еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын ұғындырады:

Бұл дәулеттің байлығы,

Бір жұтасан жоқ болар.

Оқымыстының байлығы

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Ақын жастарды еңбексіз табылған байлықтан гөрі, қоғам үшін пайдалы болуға және үнемі дамып отыратын білім байлығын меңгеруге үндейді.

Алтынсариннің әлеуметтік, прогрессивтік идеяны жақтағаны, сол жөнде көрсеткен жолы оның білім алу жөніндегі қойған міндеттеріне қарағанда әлде қайда кең жатыр. Өйткені оның көптеген әңгімелерінің сюжеттері өмір үшін өте керек нәрселерді уағыздайды, нағыз қажетті, маңызды мәселелерді қамтиды.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен

Көрініп, қазақ мәденитінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.

Өз Отанын шексіз сүйген, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет еткен тамаша үлгілерінің бірі болып, Отанын сүйе білу, нағыз елеулі азамат болу, рухани- өнегелі тұлға болу мәселелерін көтеріп отырды. Ол болашақ жастардікі деп, олардың келешегіне сенген ұлы тәрбиеші болғанына көзіміз жетті.

«Біз болмасақ — сіз барсыз, сендерге берем батамды,үміт еткен достарым» деп, сенімді үндеу таратқан ұстаздардың ұлы ұстазы бүгінгі жастарға да кеңес береді, тәрбиелейді, ғибрат алғызады.

Астана қаласы
№ 65 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Рахманкулова Венера Ушкемпірқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.