Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай « Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында». Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, ата-бабаларымыздың салт дәстүрімен сабақтастыра отырып, тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесінің бірі болып есептелінеді. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың болашағы ұстаз қолында. Осы орайда қаңтар айының 24-і күні Астана қаласы ҚР-ның Қарулы күштер мұражайында, Астана қаласының кадеттеріне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал полковник Сәкен Жасұзақовтың қолынан жауынгерлік туы табысталынды.
Бұл іс-шарада № 77 мектеп-гимназиясының кадеті Сарқытбек Ерасыл Астана қаласының кадеттері атынан қорғаныс министрінің алдында ант қабылдады. Осы елеулі сәттің куәсі ретінде №4, №16, №29, №35,№53, №63, №70, №77, №78, 80 мектептердің кадет сыныптарының оқушылары қатысты. Сендерге білімді, алғыр ойлы азамат болып ержетіуге кез-келген сын-қатерлерден мойымай өтіуге, алға қойған мақсаттарына жетуге, Елбасымыз айтқандай бой емес, ой жарыстыратын заманда ұшқыр ойлай білуге ең бастысы Отандарыңа адал ұрпақ болып өсіулеріңе тілектеспіз!
Tagged with: тәрбие