Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту, бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізілген индустриялық-инновациялық дамыту, «Нұрлы жол», «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі мақсаты халықтың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау. Осы орайда, білім беру саласында да айтарлықтай өзекті мәселелер қарастырылып, шешімін табуда.
Білім беру сапасының тиісті талаптарға сәйкестігін ресми растауға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында аккредиттеу процесі жөнінде: тек аккредиттеуден өткен ЖОО мен колледждердің түлектері үшін жоғары және орта кәсіби мекемелердің дипломдарды өзара мойындау сәйкестігінде Еуразиялық экономикалық бірлестігі мен тәуелсіз мемлекеттер одағының келісімдерін орындау және білімнің отандық жүйелерінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім сапасын жоғарылату үшін акредиттеу процесін жүргізу керектігі айтылған.
Осы мәселеге байланысты 2018 жылғы 18-19 қазан айында Алматы қаласы КИМЭП Университетінде семинар өткізілді. Іскерлік әкімшілдік саласындағы халықаралық аккредиттеу FIBAA қорынан профессор Керстин Финк және FIBAA консультанты профессор Хайнц-Ульрих Шмидт жүргізген бұл семинарда халықаралық аккредиттеуден өту барысында ЖОО қажетті ақпараттар беріліп, өзекті мәселелер талқыға салынды.
Бұл семинарға Қазақстан ЖОО-нан келген әріптестермен бірге Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) оқытушылары да қатысып, аккредиттеу бағытында қажетті ақпараттар алып қайттық.
FIBAA халықаралық аккредиттеу агенттігі — 1994 жылы Германия, Швейцария және Австрия жетекші жұмыс берушілер қауымдастығымен және сауда-өнеркәсіп палаталарымен құрылған. Бұл агенттік 25 жыл бойына ЖОО аккредиттеу процесін өткізіп, білім беру сапасын қамтамасыздандыру шараларымен айналысқан. Негізінде бұл қор Швейцария заң құзыретіндегі тәуелсіз коммерциялық емес қор болып табылады. FIBAA Сапа Белгісі бүкіл дүние жүзі бойынша танымалдыққа ие болған. Негізгі жұмыс істеу аймақтары: Еуропа, Қазақстан және Ресей, Азия, Таяу Шығыс. 2014 жылдан бастап FIBAA Қазақстан Республикасының аккредиттелген мекемелерінің Ұлттық тізіліміне кірген, ал 2017 жылы FIBAA Қазақстанда қайтадан аккредиттеу органы ретінде тіркелген. Бүгінгі таңда FIBAA Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ресми таныған тек үш шетелдік агенттіктің біреуі болып табылады. Осы уақыт аралығында Германия, Австрия, Швейцария, Қазақстан, Чехия, Франция, Ирландия, Ливан, Италия, Иордания, Нидерланды, Ресей, Словения, Испания, АҚШ және т.б. ЖОО 2000-нан аса білім беру бағдарламалары аккредиттелген.
Бүгінгі күнге дейн Қазақстанның жетекші ЖОО-дарының ішінде халықаралық FIBAA білім беру бағдарламасын нәтижелі аккредиттеу/ қайта аккредиттеу сынағынан өткен оқу орны КИМЭП Университеті: 2018 жылы 27 және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚазМЗУ.
FIBAA агенттігінің аккредиттеу процесі туралы жалпы ақпарат бере кететін болсақ, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын аккредиттейді және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру бағдарламасының Еуропа сапа стандарттарына келесі компоненттердің сәйкестігін тексереді, яғни:
— Оқуға қабылдау;
— Мазмұны, құрылымы, дидактикалық тұжырымдамасы, түлектердің жұмысқа орналасушылығы;
— Академиялық орта және жалпы шарттар;
— Сапаны қамтамасыздандыру және құжаттау мәселелері тексеріледі.
Акредиттеу процесі 7 кезеңнен тұрады.
1-кезең: FIBAA мен ЖОО-ның арасында өткізілетін дайындық талқылаулары өтеді;
2-кезең: FIBAA бағалау нұсқаулығының негізінде ЖОО-ның өзін-өзі бағалау есебін құрастыру;
3-кезең: FIBAA-дан сараптау тобын тағайындау. ЖОО-нан (бағдарлама мамандануына сәйкес келетін нақты саладағы сарапшылар тағайындалады): кәсіби ортадан 1 өкіл (өндірістік немесе іскерлік кәсіпорындар, заң фирмалары және т.б.); студенттерден 1 өкіл (тиісті мамандықта оқитын және ЖОО өзін-өзі басқару бойынша жұмысқа тартылған);
4-кезең: ЖОО-да жүргізілетін жұмыс: бағдарлама жетекшісімен; профессорлармен/ оқытушылармен; студенттермен/ түлектермен; әкімшілік-техникалық қызметкерлермен; серіктес ұйымдармен сұхбат өткізу;
5-кезең: Сараптау тобының аккредиттеу есебін дайындау кезеңі;
6-кезең: ЖОО-ның аккредиттеу есебінің жауабына қоятын өтініші және сараптау тобының ЖОО ң өтінішін бағалауы;
7-кезең: Мамандандырылған аккредиттеу бойынша FIBAA Комитетінің түбегейлі шешім қабылдауы:
- Аккредиттеу
- Шартты аккредиттеу – шарттар шешім шығарған кезден бастап 9 айдың ішінде орындалуы тиіс
- Аккредиттеуден бас тарту
8-кезең: Аккредиттеу есебін және қабылданған шешімді FIBAA веб-сайтында жариялау.
Аккредиттеу процесін нәтижелі өткеннен кейін тиісті бағдарламаларға FIBAA Сапа Белгісі беріледі. Сапаға қойылатын талаптарды жоғары дәрежеде орындаған білім беру бағдарламаларына FIBAA Жоғары Сапа Белгісі беріледі.
Мамандандырылған аккредиттеу ұзақтығы ЖОО-ның өзін-өзі бағалау бойынша есебін берген кезден бастап, FIBAA аккредиттеу комитетінің түбегейлі шешімді шығаруына дейін шамамен 6 айды құрайды. Нәтижелі өтілген аккредиттеудің қолданылу мерзімі 5 жылды (бастапқы аккредиттеу) немесе 7 жылды (қайта акредиттеу) құрайды. Институционалдық аккредиттеу аясында ЖОО қызметінің кейбір компоненттері еуропалық сапа стандартына қаншалықты сәйкес келетіндігіне бағалау жүргізіледі.
Осы орайда ҚазБСҚА ЖОО да сәйкес шаралар қарастырылып, үлкен мәселелер шешілу үстінде. Сондай шаралардың бірі жаңа білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына сай құрастыру жұмыстары алдыға қойылуда. Айта кетерлік жәй, FIBAA Сапа Белгісін тағайындау үшін түлектердің жұмысқа орналасушылық сапасы маңызды шарт болып табылатындығын ескере отырып, академия кәсіби ортадағы әріптестермен ынтымақтастық байланысы жетілдіруде. Сонымен қатар, оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру және дамыту барысында академияда халықаралық байланыстар нығайтылып, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, әр тақырыпта «шебер-сынып» курстары үздіксіз өткізілуде.
Суретте: Халықаралық аккредиттеу FIBAA қорының басшысы профессор Керстин Финк, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясның профессорлары Нұрпейісова С.А. және Даурбекова С.Ж, шетте FIBAA консультанты Хайнц-Ульрих Шмидт.
Қолданылған әдебиеттер:
- Керстин Финк. FIBAA – аккредитациялық портфелі және рәсімдері. Семинар. КИМЭП Университеті, Алматы қ. 18-19 қазан 2018.
- Хайнц-Ульрих Шмидт. Білім беру бағдарламаларының сапасы: FIBAA менеджмент, экономика, құқық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы бағдарламаларды бағалау және аккредиттеу бойынша нұсқаулығы. Семинар. КИМЭП Университеті, Алматы қ. 18-19 қазан 2018.
Авторлар: ҚазБСҚА ЖҚФ деканы, профессор Таубалдиева Ақсәуле Сагатуллаевна, профессор Нұрпейісова Сәуле Әбдірахманқызы