Home » Жаңалықтар » БҮГІНГІ БІЛІМІМ- ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҒЫМ

БҮГІНГІ БІЛІМІМ- ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҒЫМ

Еліміздің ертеңгі болашағы — бүгінгі мектеп қабырғасынан білім нәрін алып жатқан оқушыларымыз. Ал оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін мектеп ұстаздарының басты міндеттері — оқу үрдісін дамыту.
Оқыту мен тәрбие берудің сапасына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі кезде егеменді елімізбен бірге дамып келе жатқан білім саласына Елбасымыз жылдағы Жолдауында баса назар аударады. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»- деді. Сондықтан әрбір жас біліммен қарулануы қажет.

Жастардың білімін, білігін дамытып, дағдысын қалыптастыру үшін мұғалімдердің мәртебесін арттыру қажет. Жылдың аяғында ұсынылған  Жолдауда халықтың әл-ауқаты ғана емес сонымен қатар, педагогтің мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды.  Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бейжай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. Себебі, қоғам болып көтерген мәсе­ленің билік тарапынан еленіп, ескерілуі сирек жағдай. Ал ұстазын қолбала еткен қоғам­ның ұзаққа бармайтыны жиі айтылса да, оған құлақ асқандар болмап еді. Соның салдары­нан «Бір әріп үйреткен адамға қырық жыл сә­лем бер» деген халық екенімізді ұмыта бас­та­ған едік. Енді, сол олқылықтың орны то­ла­тын сәт туғандай. Келер жылы «Педа­гог­тардың мәртебесі» туралы заң қабыл­данып, мұғалімге деген көзқарас, олардың тұрмыс-тіршілігі, қағазбастылығы да азаюы мүмкін. Мұғалімдер қағазбастылықтан арылса, оқу үдерісіне көңіл бөлсе, оқушылардың білімі артары сөзсіз. Себебі, бүгінгі елдің болашағы білімді жастардың қолында екені айқын.

Байхадамова Б.Е.
Джаркинбаева Г.А.
«Өрлеу»БАҰО АҚФ Жамбыл облысы
бойынша ПҚБАИ  аға оқытушылары

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.