Home » Жаңалықтар » «Бір тіл, бір халық, бір ел» атты әдістемелік айлығының қорытындысы

«Бір тіл, бір халық, бір ел» атты әдістемелік айлығының қорытындысы

 Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 2018-2019 оқу жылында «Бір тіл, бір халық, бір ел» атты қазақ тілі айлығы болып өтті. Тілдер айлығында бірнеше іс – шаралар, жаңартылған бағдарлама бойынша коучингтер, тренинг, ашық сабақтар қазақ тілі пән мұғалімдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Алдын ала жоспар құрып, мұғалімдерді іс — шара жоспарымен таныстырылды. №5 мектеп –гимназиясында 15 қазақ тілі пәні мұғалімдері жұмыс жасайды. Әр мұғалім қазақ тілі айлығында ат салысып, іс – шаралармен қатар ашық сабақтарды өткізіп, белсенділік көрсетті.

Айлықтың ашылуына байланысты концерттік бағдарлама өткізілді. Мектеп оқушылары қазақша ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар біздің мектепке Әуезов ауданының №173, №86 оқушылары мен мұғалімдері де келіп, өлеңдерімен бөлісті.

1 – 10 сынып оқушылар арасында «Өлең — сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысты қазақ тілі пәні мұғалімдері Жунусова Ш. К мен Бақынова Г.К. ұйымдастырды. Оқушылар ақын –жазушылардың өлеңдерін оқыды. Сайыстан озып шыққан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

«Ел мәртебесі – тіл мәртебесі» атты шығармалар сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразаева Қ.К. 7 -10 сынып оқушылары арасында өткізді. 1 орынды екі оқушы, екі оқушы 2 орынды, бір оқушыға 3 орын берілді.

Жыл сайын өткізіліп жүрген іс – шара «Ақындармен кездесу» де өтті. Биыл мектепке келген қонақтарымыз жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайым Қанат. Жазушылар өздерінің шығармашылықтары туралы айтып берді. Жазған кітаптарын таныстырып, кейбір шығармаларын мектепке сыйлыққа берді. Біздің мектептің оқушылары да қалыспай өз өнерлерін көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шатемірқызы Ақмарал мұғалімдерге «Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері белсенді қатысты.

«Ана тілі – білім кілті» білім сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сугралиева Н. 6 А,6 Ә сынып оқушыларымен ұйымдастырды.Сайыстың мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық ізденістерін арттыру. Оқушылар бұл сайыста ерекше білімдерін көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туленгутова Н.И. мен жас маман Абдулла О. «Тіл — тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тәрбие сағатын өткізді.

«Жаңартылған білім мазмұны мен оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері» семинар – тренингті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Халивалипова Э.А. мен Алхожаева Ү. Қ ұйымдастырды. Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, тиімділігіне көз жеткізді.

 

«Қазақшаңыз қалай?» атты ата – аналармен шеберлік сынып өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Омиркаликова Ж.Т. мен Бейсенова Г. С.  Өзге ұлт өкілдеріне, ата –аналарға қазақ тілінде қалай сөйлеу керектігін үйретті. Қазақ халқының салт – дәстүрлерімен (Бесікке салу, тұсау кесу рәсімдерін) таныстырып, ата –аналармен бірге қазақша әндер айтты. Ата – аналар алғыстарын айтып, осындай іс-шаралар көбірек болса екен деген ұсыныстарын білдірді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерге «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілін оқыту әдіс – тәсілдері» тақырыбы бойынша №97 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебекова М.Ж. шеберлік сынып өткізді. Сыни дамытуға арналған тиімді әдістерді қалай қолдануға болатынын көрсетті.

«Тілге құрмет – елге құрмет» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл мерекеге жауапты болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Омиркаликова Ж.Т. мен Бейсенова Г. С. Оқушылар үш тілде сөйлеп, ән айтып, би биледі.

«Көркем сөз –көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» атты қазақ тілі әдістемелік айлығының салтанатты жабылуы өтті. Жауапты мұғалімдер Абильдаева Қ Қ мен Бектурова М. 11-сыныптың оқушылары үш тілде сөйлеп, қойылымдарын көрсетті. Осы іс – шаралардан басқа қазақ тілі мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны негізінде ашық сабақтар берді.Мұғалімдер бір — бірлерінің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты. Барлық мұғалімдер әдістемелік айлық барысында белсенділік танытқаны үшін  марапатталды.

Омиркаликова Жаухар Темиргалиевна,
қазақ тілі кафедрасының жетекшісі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.