…Сонау қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек батыр “ Керей ” деп аталатын қазақ руын Алтайдың Оңтүстік беті Ертіс өзенінің бойына орналастырған уақыт еді . Керей өзі екіге бөлінеді Ашабайлы керей , және Абақ керей. Сол орта жүздің Абақ керейінен тараған менің әкем 1953 ж көршілес жатқан бүгінде алпауыт елдің бірі атанған ҚХР-ның Қаба ауданы Жанжүрек деп аталатын қыстақтың төр жайлауы Камали жерінде дүниеге келген. Әкем туған заман нағыз коллектив кезеңі, үкімет жағдайы төмен барлық дүние-мүлік ортақ, тіпті бір тайқазаннан ас ішкен кездері де болыпты. Отбасында әкем үшінші бала екен жалпы он бір ағайынды болған. Атам мен апам жайлы менің көз алдыма елестейтін естелік жоқ, себебі ол кісілер мен өмірге келмей жатып дүние салған екен. Ата-бабаларым есімдері сол кезде өз еліне әйгілі сал-сері Алшынбай, балуан Шегебай деген кісілер екен. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет ретінде танылды . Өз алдына дербес, зайырлы, ұлан байтақ дала, бейбіт ел Қазақстан атанды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің әнұраны, президенті , рәміздері, ата-заң конститутциясы, ұлттық валютасы бар. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасқаннан кейін, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қиырдағы қазақ қандастарымызды елге шақырды. Солардың бірі біз, әкем бұл жаңалықты ести сала 2005 жылы Қазақстанды көруге аттанды. Сонау қазақ жеріне деген ыстық сезім әкемді Қытай шекарасынан асып, Қазақстан жеріне әкелді. Жері шұрайлы, табиғаты көркем, қазба-мұнайдың ордасы көрген жан таңдай қақпай тұра алмайды екен. Сүйтіп біз араға бір жыл уақыт салып қазақ жеріне көшіп келдік. Жүрегіміз қазақ деп соғып тұрса да, бойымызда қорқыныш сезімі басымырақ болды. Біз Шығыс Қазақстан обылысы, Глубокое ауданы, Алтай кенті деген жерге келіп қоныстандық. Алғашқы жылдары бізді орыстар көбінесе менсінбей, келе салып жағдайымыз керемет болып кеткен жоқ , әкем бұрын қарапайым шаруа қожасы болатын, елге келгеннен кейін күн көрістің амалын жасап шемішке терді . Кейін құжаттарымыз реттеле сала әкем мектепке күзетші болып жұмысқа орналасты. Ал анам тігіншілікпен, сауда-саттықпен айналысты. Отбасымызда бір ұл алты қыз бар анам күміс алқа иегері. Ең үлкені ағам ол кісі қазір ҚХР- да құрылысшы болып жұмыс істейді , ең үлкен әпкем Риддер қаласында мәдениет үйінде әнші. Екінші әпкем ҚХР-да өзінің жеке кәсіппен айналысады, үшінші әпкем Риддер қаласы Шаңырақ мектебін де музыка пәнінің мұғалімі, одан кейінгі әпкем ҚХР-да есепші қызметін атқарады, бесінші әпкем қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алуда. Үйдің кенжесі мен, алғаш көшіп келгенде үйдің маңында менмен жасты балалар болмағандықтан бес жасымда мектепке бардым. Алтай кентінде он жыл тұрдық былтыр отбасылық жағдайымызға байланысты елордамыз Астанаға көшіп келдік. Мен қазір Астананың төрінде орналасқан қазақ тілімен ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектепте білім алып жатырмын. Бұйыртса биыл Ұлттық біріңғай тестілеуді жақсылап тапсырып, өзім қалаған оқу орнына түсіп, жаным сүйген мамандық иесі атанып Қазақстанның патриоты бола отырып, оның көркейіп, дамуына өз үлесімді қосамын. Астана- Қазақ елі болашағының қаласы, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Жер бетінде барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса, ол тұңғиығы терең, шалқар мұхиттан асып түсер сірә?! Иә, әр адамға сүйікті Отанынан қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал, сәби жүрегіммен мақтан етемін.