Home » Мақалалар » Бірнеше бағытты қамтиды

Бірнеше бағытты қамтиды

Байқау

Заман ағымына сай бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, ұстаздардың ақпараттық коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру уақыт талабы болып отыр. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында және педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау мен үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы педагогтер үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялады.

Конкурстың мақсаты  бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау мен насихаттау, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру болып табылады.

Республикалық байқау педагогтерге  әртүрлі бағытта тәжірибелік жұмыстар және семинарлар өткізуге мүмкіндік беріп,  қазіргі кездегі оқытудың үдерісін дәріптеуді талап етіп отыр. Сонымен қатар идеялар жүйесін жүйелі түрде баяндау мен оқу-тәрбие жүйесін ізгілендіру шеберліктерін көрсете алуға мүмкіндік береді.  Байқау  мектепке дейінгі тәрбие мен орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар, техникалық және кәсіптік оқыту, жоғары білім мен  қосымша білім берудегі заманауи технологиялар бағыттарын қамтып отыр.

Бұл конкурстың өңірлік кезеңіне облысымыздағы кез келген білім мекемесінің педагогикалық қызметкері, шығармашылық ұйымдары жиырма екі аталым бойынша қатыса алады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі бейнематериалдар дәріс, сабақ, ашық сабақ, практикалық/зертханалық жұмыс, семинар түрінде болуы мүмкін және олардың санына шектеу қойылмайды.

 

Құралай ӘБІЛИНА,

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру

 ұлттық орталығы» АҚ-ы

 облыстық филиалының бас маманы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.