Home » Жаңалықтар » Бірлік күнінде өткен жәрмеңке

Бірлік күнінде өткен жәрмеңке

1 мамыр күні Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі тойланды. Аталған мерекеге орай ұйымдастырылған шеруге аудан әкімі Қ.Беков, департамент басшысы Н. Жанназарова, Маңғыстау облысының құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары және аудан тұрғындары қатысты.

Шеруді Қарақия ауданы әкімі аппараты бастап шығып, мемлекеттік мемлекеттік мекемелер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, балабақша қызметкерлері, мектеп оқытушыларымен оқушылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қарақия аудандық бөлімі және Құрық теңіз порты қызметкерлері жүріп өтті.

Мерекенің жалғасы Ынтымақ алаңындағы концертпен және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне ұласты.

Мерекелік концертті аудан әкімі құттықтау сөзімен бастап, өзінің ыстық ықылас тілегін жеткізді. Осындай іс-шаралардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге себеп болатындығын жеткізіп, жәрмеңкенің мақсат-міндеттерімен департамент басшысы Н. Жанназарова таныстырып өтті.

Жәрмеңкеге аудандағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мекемелерімен қатар, сот органдары қатысып, өздерінің көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат берді.

Мекеме қызметкерлері қатысушыларға арнайы дайындалған брошюралармен буклеттерді таратып, «Digital Agent» мобильдік қосымшасы және мемлекеттік қызметтерді «egov.kz» электронды үкімет порталы және «telegrambot» қосымшасы арқылы электронды түрде алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндіріліп, жеткізілді.

«Digital Agent» мобильдік қосымшасы туралы дайындалған брошюраларды анимациялық кейіпкерлердің таратуы аудан тұрғындарының назарын қаратпай қоймады.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде аудан кәсіпкерлерінің ағаш өнімдерінен, қолдан жасалған бұйымдары да болды. Аудандық аурухана қызметкерлері тәжірибе жүзінде халықтың қан қысымын өлшеп, скринингтен өтудің маңыздылықтарын және электронды түрде медицина саласына қатысты қызметтерді алу дағдыларымен таныстырылды.

Жәрмеңке кезінде, көп балалы ананың тарапынан атаулы әлеуметтік көмек бойынша казіргі кезде бұрынғыға қарағанда бірнешеге еселенгенін айтып, департамент басшысымен аудан әкіміне осындай көмектердің халыққа деген ықпалы өте зор екендігін айтып өтті.

Жәрмеңкеден соң, департамент басшысымен Ынтымақ алаңында азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.

Жеке қабылдау кезінде, азаматтар өздерінің әлеуметтік мәселелері, атаулы әлеуметтік көмек, жер салаларында сұрақтарын қойып, департамент басшысының мардымды жауаптарын алды.

Қабылдауға келгендірдің басым көпшілігі көп балалы аналар, мұғалімдер және кәсіпкерлер болды.

Тұрғындар департаментпен жүргізіліп жатырған жұмыстарға өздерінің алғыстарын айтып, департаментке деген сенімдерінің және қажет жағдайда құқықтарының қорғалып келе жатырғандықтары туралы тоқталып кетті.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.