Мақсаты: Өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға топтық жұмыстар, ашуды тарқатуға үйрету, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.
«Сәлемдесу» ойыны
Жүргізуші алақанын соғады,қатысушылар бір-бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір-бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.
«Жіп» ойыны
Менің қолымдағы жіпті алып, өздеріңізге керегінше үзіп аласыздар. Үзілген жіпті саусағыңызға орай отырып өзіңіз және мамандығыңыз туралы айтып өтесіздер.
«Әріптер» ойыны
Қатысушыларға әріптер жиынтығы беріледі. Таңдаған әріптерін алады. Сол әріптер бойынша көңіл-күйлеріңізді білдіресіздер.
Ж-жайдарлы
Қ-қуанышты
К-көңілді
Р-ренжулі
Т-тамаша
«Кенгуру» ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі-оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың осы тұрысымен, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу.
«Құпия дос» ойыны
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (откырытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығы жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпияболып қалады. Ашық хат почта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
Сеңгірбаева Еркінай Тегісбаевна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Болашақ»бөбекжайы» МКҚК
Педагог- психологы