Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – тұрақты экономикалық өсу үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолымен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту болып табылады. Білім беру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиясының ең маңызды басымдықтарының бірі болып табылатын болғандықтан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазіргі уақытта тәжірибе жүргізілетін, үш деңгейден тұратын 12 жылдық білім беру жүйесін қостайды және ұсынады:
Біркелкіліктен білім берудің кеңестік моделіне ауытқу мұғалімдерден Қазақстанның ұлттық мектебінің даму келешегін, білім беру мазмұнын жаңарту жолдарын таба білуді талап етеді. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоғары оқу орындары студенттерінің оқу бағдарламаларының жаңартылуын, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді қарастырады.
Осыған байланысты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы білім берудегі біліктілік арттыру жүйесінен, атап айтқанда қашықтықтан білім беруді меңгерту тұрғысынан тыс қалған жоқ. Соңғы он жыл ішінде республиканың оқу орындары, оқу орталықтары және білім беру мекемелері осы немесе өзге де нысанда оқу үдерісіне қашықтықтан оқытуды енгізуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасын қарқынды индустрияландырудың түбегейлі мәні, жаңа міндеттерді шешуде отандық білім беру жүйесіне, олардың аса маңыздысы кәсіптік білім беру бағдары жеке мүдделер мен нақты жеке тұлғаның, сондай-ақ бизнес пен өндіріс қажеттіліктеріне берілетін білімнің практикалық бағыты отандық білім беруге бейімделетін болады. Алайда, ел ауқымындағы ірі өнеркәсіптік және бизнес корпорациялардың бірқатар территориялық шашыраңқылығы салдарынан, ірі және шағын қалалар, қалалар мен ауылдар арасындағы өмір сүру жағдайында, олардың мәдени және білім беру орталықтарынан алшақтықтығы артады.
Осы проблемаларды шешу жолдарының бірі, білім беру саласының қызметкерлеріне оқу мекемесінің орналасқан жері, сондай-ақ өңірдегі тұрған жері сияқты бірдей қолайлы жағдай жасауға қабілетті қашықтықтан оқыту арқылы дамыту, ел өңірлерінде білім саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік және жеке ұйымдар мен жеке тұлғалардың да білім беру қызметтеріне қол жеткізуде қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерді тиімді әрі сапалы қамтамасыз ету, шешімі қашықтықтан оқыту технологияларын дамытумен және енгізумен байланысты өзекті міндет болып табылады. Қашықтан білім беру технологиялары (ҚББТ) өзімен білім беру саласындағы инновацияларды көрсетеді.
Білім берудің мақсаты ҚББТ пайдаланумен: сапалы білімге қол жеткізуін кеңейтуде, олардың білім беру қажеттіліктерін тұрған жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулық жағдайына және өмірдің басқа да мән-жайларына қарамастан толыққанды қанағаттандыру болып табылады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда бәсекеге қабілетті болатын үздіксіз, озық және ашық білім беруді жасауға мүмкіндік беретін, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) көмегімен өзінің коммуникациялық әлеуетін дамыту үшін инновациялық құралдарды әзірлейді.
ҚББТ пайдаланумен оқу үдерісін ұйымдастыруға қолданылатын АКТ тікелей нәтижелері:
* білім беру ақпаратын ұсынудың барлық түрлері мен формаларын, соның ішінде жан-жақты электрондық оқыту контентін қосатын ;
* әртүрлі ақпарат көздеріне сенімді жоғары жылдамдықта қолжеткізу;
* білім берудің қолжетімділігі мен ашықтығы;
* білім беру салалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру нарығында «Өрлеудің» рейтингі;
* тыңдаушылардың ұтқырлық және бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі;
* «Өрлеу» профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) еңбек өнімділігінің артуы.
Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлеріндегі жалпы халық үшін сапалы орта және қосымша білім берудің қолжетімділігін, сондай-ақ жаңартылған білім мазмұнына тегіс көшуді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Өзімен жалпы және түбегейлі маңызды бағдарлар жүйесін білдіретін бастапқы қағида ретінде, білім беруді ұйымдастырудың мазмұнын, әдістерін және қашықтықтан оқытуға қатысты оның нәтижелерін талдау әдістерін көрсететін оқытудың ізгілендіру принципі қабылданды. Оның мәні тыңдаушының жұмыс үрдісін үзбей тыңдап, білім алушылардың жинақталған әлеуметтік тәжірибемен меңгеруі үшін, жайлы біліктілік арттыруды қамтамасыз ететіндей адамгершілік, интеллектуалдық және физикалық қасиеттерін дамытуда адамға ең қолайлы жағдай жасаудағы оқытудың айналымында жатыр.
Э.Н. Мергенов, Т.С. Туғанбаева, С.И. Омарханова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша
ПҚ БАИ қоғаммен байланыс және баспа қызметі бойынша бөлімінің мамандары