Қазіргі заман талаптарына сай жас ұрпақты қоғамдық өмірге даярлап бейімдеу барысында алға қоятын жаңа кәсіби біліктілік мақсаттары мен міндеттерін дәл білу қажет. Жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында бізге қажеттісі – жұмыстың әдістемесі мен түрі. Әрбір оқушы бойына Әлеуметтік шығармашылық бағыттарын меңгерту коғамда өзін таныту, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білетін, өзіндік істерді жүзеге асыра алатын, өз ұстанымында өз ортасында еркін ойлап, өзіндік бастамаларын көтере отырып, мүмкіндігінше қабілеттері жеткілікті жеке тұлғаны қалыптастырып көрсетуіміз қажет.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту үшін оның мүмкіншілігі мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болады. Қазіргі кезде киелі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер шарықтап дамуда. Тәрбие мен оқытудың жана технологиясы тиімді әдіс-тәсілдердің формаларын біріктіруді материалдарды тиімді пайдалануды, білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады. Біздің басты мақсатымыз – парасатты, мәдениетті, құзыретті, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңызы зор.
М.М. Тогатай
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы
мен әдістемесінің» кафедрасының
аға оқытушысы