Home » Бес сауал » Білім өмір шырағы

Білім өмір шырағы

Білім бар жерде мәдениет бар, білім бар жерде байлық бар, білім бар жерде болашақ бар.

Еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңа мәдени тұлғаны қалыптастыруда жаңа білім сапасын игерудің маңызы зор.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстан Халқына Жолдауында «Табысты болудың басты факторы – білім» деп, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін» атап көрсеткен.

Жолдауда көрсетілген мақсаттарды негізге ала отырып, ОҚО-ғы көптеген білім ошақтары саналы ұрпақтарға сапалы білім беріп жатқан жайлары бар. Атап айтатын болсақ, М.Х. Дулати атындағы облыстық № 8 ші мектеп гимназиясы.

Заман талабына сай менеджменті меңгерген оқу орнының бас ұстазы – Сахова Айнұр Әлібекқызы. Дарынды балаларды дара жолға салуда өзіндік үлесін аямаған білім ордасының директоры. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Нағима Ералықызы. Мектептегі іс-шараларды ұйымдастырып, облыстық және республикалық конкурстарда оқушылардың жүлделі орындардан көрінуіне ат салысып, ұстаздық еңбегін аямаған.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ұғымды жадында сақтаған жас түлектердің алар асулары мен бағындырар белестері көп екенін тілге тійек етілді.

Мектеп тарихы

Аталған білім ошағы 1875 жылы бой көтеріп, 1963 жылы В.И. Ленин атындағы бұл мектеп кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуға мамандандырылған мектеп болды.

1966 жылы Ұлы отан соғысында қаза тапқан мектеп түлектеріне арналған ескерткіш койылды.

1993 жылы оқушылардың қалауы бойынша ағылшын тілімен қатар екінші шет тілі (француз немесе неміс) енгізілді.

2000 жылы мектеп-гимназияға М.Х. Дулати аты берілді.

2003 жылы 12 жылдық білім беру эксперименті басталды.

2004 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының эксперименталдық білім алаңына айналып, үш тілде оқыту эксперименті басталды.

2007-2008 оқу жылынан бастап ҚР Президентінің «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени бағдарламасы гимназия жұмысындағы маңызды бағыт болып табылды.

2008 жылдың қаңтар айында үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепке № 8 ші мектеп-гимназиясы мәртебесі берілді.

2010 жылы гимназияның 135 жылдық мерекесі атап өтілді.

2014 жылы гимназияның 140 жылдығы атап өтілді.

Аталған мерейтой ОҚО облысы әкімі А.Мырзахметовтың, ҚР Парламенті сенатының және ҚР Білім және Ғылым вице-министрінің Грамоталарымен марапатталды.

Гимназия марапаттары

2008 жылы гимназия «Қазақстан даңқ залы» атты мемлекеттік заманауи тарихы Ғаламтор-Альманағына тіркелді.

2008-2011 жылдардың қорытындысы бойынша «ОҚО-ның үздік мектебі» аталып, ОҚО-cы әкімінің дипломдарымен марапатталды.

2011 жылы III Республикалық «Білім ұясы» конкурсында «Үздік білім беру мектебі» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.

2012 жылы гимназия ұжымы ҚР Білім және Ғылым министрі М.Сарыбековтың мақтау қағазымен марапатталды. Еуропалық бизнес ассамблеясының сократ комитетінің (ЕВА) шешімімен «Біріккен еуропа» атты беделді еуропалық жүлдеге иеленді. Республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша ОҚО әкімі гимназияны «ОҚО-ның үздік жаңашыл мектебі» деп таныды.

2013 жылы ОҚО білім басқармасының алғыс хатымен республикалық семинарда кеңес жұмысына қатысқаны үшін марапатталды. «Дарын» РҒПО және ҚИО ұйымдастыру кабинетінің алғыс хатымен марапатталып, ҰБТ да түлектердің жоғарғы көрсеткіші үшін ОҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысында көрсеткен ең үздік нәтижелері үшін «Ең үздік олимпидалық мектеп — 2014» дипломымен марапатталды.

2015 жылы «Гимназияның 140 жылдық мерейтойына құттықтаулар» ОҚО облыс әкімі А.Мырзахметовтың, ҚР Парламенті Сенатының депутатының және ҚР Білім және Ғылым вице – министрінің граммоталарымен марапатталған.

 

Мадина

«Білім айнасы», ОҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.