Мақсаты : 1-10ға дейін тура және кері санау, жұмбақ жасыру, мақал, логикалық есептер бере отырып есте сақтау қабілеттерін арттыру,ой-өрісін дамыту.Геометриялық пішіндерді ажыратуды, атауды, түрлі бейнелерді құрастыру дағдыларын , кеңістікті ,уақытты бағдарлай білуге үйрету. Көрнекіліктер: Сандар, пішіндер, сиқырлы гүл, қолдан жасаған ұялы телефон Кітаптар, шахматтар Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, логикалық есеп (сандарға байланысты).
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер.
Қол ұстасып бәріміз,
Үлкен шеңбер құрамыз,
Ақ тілекті жолдайық,
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір үйде күн ыстық ,
Қайырлы таң достарым!
Ыстық күндей тым ыстық.
(Балалар бір-бірінің қолын ұстап, алақан арқылы жылу береді)
Тәрбиеші:
—Тамаша тілектер ,күннің аязы ештеңе етпес , ең бастысы жүректегі жылуымыз азаймасын. Ендеше келген қонақтармен амандасайық.
Үш тілде амандасу.
Міне залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қостаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз,
Сабағымызды бастаймыз.
-Балалар біздер бүгін математика әлемінің кейбір сырларын ашып, үңілеміз.
Тосын сый: Түлкі: Сәлематсыңдарма балалар!
Аң патшасы арыстан өз қазынасын білімді, ақылды, көпшіл бола білген аңдарға бермекші.Бірақ үлкен шарт қойыпты. Кімде кім берілген тапсырманы дұрыс орындаса ғана қазына иесі бола алады.
-Не істесем екен, мені ешкім жақтырмайды, үнемі алдап , қулық жасаймын.
Өзімді бір жақсы жағынан көрсеткім келеді. Көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар не істейміз көмектесемізбе?
Балалар: -Әрине көмектесеміз. Ендеше жолға шығайық (көңілді әуенмен орманға жолға шығады).
Түлкі:-Ой-ой мен мысығым Базилионы ұмытып кетіппін ғой, онсыз жолым болмас. Енді оны қайдан табамын, уақытымда аз. Мен оған телефон шалайын (әдемі сөмкесін ашып, телефонын іздейді, тапқан кезде 1ден-5ке дейінгі саны жоқ)Әттеген-ай қырсық шалғанда осылай болады, қазынадан құр қалдым-ау (балалардан көмек сұрайды)
Балалар: -Біздер көмектесейік. Түлкі ханым асықпаңыз, ғылым мен техниканың дамығаны соншалық, аңдарға жетіп жатса, сандарды ретімен қою түк емес.
1-тапсырма: «Жоғалған сандар»
Мақсаты: Санай отырып жоқ садарды ретімен қою.
( Түлкі досы Базилиоға телефон соғады).
Жауап:Абонент байланыс аясынан тыс жерде. Осы кезде сиқырлы гүл жанып-сөнеді)
Бұл балалардың дұрыс жауап бергенін білдіреді.
Түлкі:- -Бұл қайда жүр екен, мен сияқты қазына іздеп кетті ме екен?
-Жарайды жалғыз барсам өзіме көп қалады.
(Көңілді әуенмен алдарынан Қызыл телпек шығады).
Тәрбиеші: Сәлематсыңба қызыл телпек, біз түлкіге көмектеспекші едік.
Жолдар тарам-тарам ,қай жолды таңдасақ екен?
Қызыл телпек :
-Ешнәрсе оңайлықпен келмейді .
Сіздер алдымен маған көмектесіңдер ,сосын мен сендерге көмектесемін.
Тәрбиеші:
-Бізден қандай көмек керек?
Қызыл телпек:
-Менің әжем үлкен кісі , үнемі жанында бола алмаймын , әңгіме айқанды қалайды.
Сендер маған сандарға байдланысты мақал-мәтелдер айтып , жұмбақтар шешіп беріңдерші. Мен кейін әжеме айтып беремін.
2-тапсырма: Мақал-мәтелдер.
1 .Бір тал кессең –он тал ек.
2.Ер кезегі үшке дейін.
3.Жеті рет өлшеп -бір рет кес.
Жұмбақтар:
1.Бір кезекті жануар ,
Үстінде екі тауы бар
2.Оң жағында бес сарбаз,
Болады барлығы неше сарбаз?
(Балалар тапсырманы кезектесіп орындайды)
Сиқырлы гүл жанып-сөнеді.
Қызыл телпек: -Рахмет сендерге. Мына ұзын жолмен жүріп орманның оң жағынан үй көресіңдер, сол жағында биік талдар мен шыршалар бар. Мүмкін сол жерден қазынаны табарсыңдар.
(Ұзын жолмен жүріп айтылған жерге жету.)
Тәрбиеші :
-Балалар біз ертеңгісін шықтық ,қай мезгіл болды деп ойлайсыңдар?
Балалар: Күн төбемізде, аяздың күші азайғандай яғни түс мезгілі болды.
Едеше біз осы жерге демалып алайық.
(осы кезде шырша қозғалып)
-Бұл не шу? Мені неге мазалайсыңдар?
Тәрбиеші: — Ашуланбаңыз шырша сізден көмек сұрамақшымыз.
Сіз қысы-жазы ормандасыз аң патшасы арыстанның қазынасы қайда екенін білетін шығарсыз. Жол көрсетіп жібересізбе?
Шырша:-Кері қайтыңдар ,әрі қарай жол жоқ.
Түлкі:-Шырша өтінемін көмектесіңізші.
Шыршы: -Жарайды көмектесейін , ал сендер маған көмектесе аларма екенсіңдер.?
а) 3-тапсырма. Логикалық есептер.
Екі қоянның неше құлағы бар?
Жауап :4құлағы, 2құйрығы бар.
б) Табақта 5 алма болды, 1-ін Камила алды, 1-ін Шакира алды.
Табақта қанша алма қалды.
Жауап: 3-алма.
Ормандағы үлкен шыршада 2алмұрт, кіші шыршада 3 алмұрт.
Барлығы қанша алмұрт?
Жауап: Шыршада алмұрт өспейді.
Әжем дүкеннен 3-бұрышты 4 доп әкелді , 2-ін ініме бердім. Менде неше доп қалды?
Жауап: Үшбұрышты доп болмайды.
Шырша: Көп рахмет. Сендер көп біледі екенсіңдер, көңілімнен шықтыңдар.
Мына көлшіктен секіріп өтсеңдер тез жетесіңдер. Алдарыңнан биік тал көрінеді.
Арыстанның қазынасы сол маңда болуы мүмкін.
Сиқырлы гүл жанып-сөнеді.
4- тапсырма.
Көлшіктен қос аяқтап секіріп , аяқты суға тигізбеу.
Кенет алдарынан Мақта қыз шығады.
Тәрбиеші: -Мақта қыз сен мұнда қайдан жүрсің?
Мақта қыз: Мен мысығымды ренжітіп алдым, соны іздеп жүрмін.
Түлкі: Ой сенде мысығыңды жоғалтып алдыңба ? Менде Базилио досымнан адасып қалдым. Жарайды арыстанның қазынасын тапсам болды. Достарыммен бөлісемін.
Мақта қыз:
Мен ешкімнің ренжігенін қаламаймын , сондықтан сендерге көмектесемін, мысығым қайтіп келер деп ойлаймын. Бірақ жолды таппас бұрын мына тапсырманы орындауымыз керек.
5-тапсырма
Сөзжұмбақ шешу: «Математика» сөзін шығару үшін жабайы , үй жануарлары, құстардың бас әріптерін пайдалану.
Маймыл
Аю
Түлкі
Есек
Мысық
Арыстан
Тауық
Ит
Кірпі
Ақ аю.
Толық сөз шыққанда сиқырлы гүл жанып-сөнеді.
Үлкен тал түбінен сандықты тауып алады, бірақ есігі ашылмайды..
Түлкі:
Не істейміз ,есік ашылмады. Ой-ой қазынаға қол жеткізе алмайтын болдық-ау.
Тәрбиеші:
Асықпа түлкі бұл сандықты ау үшін тағы бір тапсырма орындаймыз.
Дид/ойын: «Өз кілтін тап» Мақсаты: Геометриялық пішіні сәйкес келетін кілтті түсіне көлеміне қарай орналастыру.
Бірақ сандық ашылмады.
Тәрбиеші: Кәне мұның бір сыры бар шығар. Көзімізді жұмып 1-ден-10-дейін 3-тілде санайық содан соң қазақ тілінде кері санайық.
Сиқырлы әуенмен сандық ашылады. Сандық ішінен кітап, шахмат ең түбінен ақша шығады.
Сиқырлы гүл жанып-сөнеді.
Түлкі: Арыстанның бар байлығы осы ма? Мұның кімге қажеті бар?
Тәрбиеші :Түлкі байлық ақшамен өлшенбейді.
Мына кітапты оқысаң көп нәрсені білесің.
Білімді адам-ең бай адам. Күш білімде ал білім кітапта.
Оқу қызметін қорытындылау.
Балаларды мадақтау ,сандықтан шыққан шахмат ,кітаптарды үлестіріп беру
Дюсембаева Айнаш Аманқызы,
Атырау қаласы,
№32 «Мөлдір» балабақшасының тәрбиешісі