Адамзаттың бұл өмірдегі ең маңызды және ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал, білім сипаты әр түрлі. Білім бұл ұрпақтан-ұрпаққа жетіп баратын баға жетпес қазына. Бүгінгі таңда білім алудың алуан түрлі жолдары бар. Олар кітаптар, компьютер, интернет және БАҚ.
09.06.17 жылы ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылындағы «Айша-Биби» балабақша ұстаздары және тәрбиешілері үшін «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық газетінің Шымкент облысындағы тілшісі М.Серікқызы БАҚ-ына қалай мақала жазу керектігі, мақала міндеті, түрлері, құрылымы, жариялау үлгісі туралы түсіндіріп, семинар-тренинг өткізді. Бұл семинар-тренингте тәрбиешілер пайдалы мәліметтер алды. Семинар соңында қатысқан барлық тәрбиеші-ұстаздарға сертификат табыстады. Осы мүмкіндікді жаратқан «Білім айнасы» газетінің редакторы Қ.Амантайұлына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев : «Мәңгілік елдің » болашағы білікті жастар деп айтқандай, шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек етеміз…
Ташметова Шахиста Абдрахмановна
ОҚО, Кентау қаласы,
Қарнақ ауылы, «Айша-Биби» балабақшасы