«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, биылғы оқу жылында елімізде білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осыған орай, еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіру биылғы оқу жылында әрбір пән мұғалімінің алға қойған мақсаты болып отыр.Бағдарламаның негізгі міндеттері:1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; 2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету; 3.Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; 4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы — озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» аясында өз білімімізді жетілдірүдеміз. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.
Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Исахова Айнур Таженовна
Түркістан облысы, Шымкент қаласы
№119 Жалпы орта мектептің екінші санатты бастауыш
сынып мұғалімі