11 қазан күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Ертіс ауданында білім беру мекемелері басшыларының кеңесі өтті.
Жиынға мемлекеттік кірістерді басқару және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, «Мерей-А» ЖШС директоры және медицина ғылымының докторы К.З. Сакиев қатысты.
Алқалы отырыста санитарлық-эпидемиологиялық тексерудің негізгі мәселелері талқыланды. Медицина ғылымының докторы К.З.Сакиев санитарлық қадағалауға жататын объектілердегі санитарлы-эпидемиологиялық салауаттылық заңнамалары мен талаптарының орындалуы туралы баяндама жасады.
Мемлекеттік кірістерді басқару мекемесінің басшысы М.К.Рахметов салық аударымдарына қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелді.
Айгүл Молдаш
Білім айнасы
Павлодар қаласы