Home » "БІЛІМ ОРДАМ 2018" » «Білім ордам 2018»

«Білім ордам 2018»

На русском языке ниже…
Республикалық «Білім айнасы» газеті  мен bilimainasy.kz сайтының ұйымдастырған «Білім ордам 2018» байқауына қатысқан үміткерлер назарына. Байқау өз жұмысын жақсы атқарды. Жаңашылдыққа, ізденіп көруге, үйреніп білуге жаны құштар кісілерге ой салмады деп айта алмаймыз. Олай деп сенімді айтқанымызға байқауға келіп түскен әр түрлі жұмыстар себеп. Бірі ілгері енді бірі кем шапқан бәйгеде, жеңісте, әттеген — ай деп сан соғатын кездер болатыны хақ.
Қазылармен кеңесе келе салыстырмалы түрде бағалауға болмайтынын ескере отырып, он екі балдық жүйемен бес бағытқа баға бергенді жөн көрдік. Атап айтсақ 1. Мекеме жұмысы – Оған оқу орнының мекеме ауласынан бастап, директор кәбинетіне дейін тазалығы мен қабырға жабдықтарын бағаладық.  2. Ұстаздар жетістігі,  3. Оқушылар жетістігі,  4. Bilimainasy.kz cайтында шынайы қаралым мен пікірлер ескерілді,  5. Видеожурнал жасаудағы шеберлік пен тапқырлықты көруге тырыстық.
Ендігі кезек нәтижесін, кімдер оза шапқанын жариялауды білім айнасының ютуб каналынан тікелей эфир арқылы өткізгенді жөн көрдік.  Сондықтан 10.04.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша  сағат 15:00 де бәріңізді БІЛІМ АЙНАСЫ ютуб каналының алдында тосамыз.
«Білім ордам 2018»
Вниманию претендентов, принявших участие в конкурсе «Білім ордам 2018», организованном Республиканской газетой «Білім айнасы» и сайтом bilimainasy.kz. Конкурс прошел на высоком уровне. Нельзя не отметить, что цель, поставленная редакцией, пробудить новаторство, стремление узнать новое, и показать все лучшее, что есть в образовании республики, достигнута. Сказать об этом с уверенностью позволяют поступившие на конкурс работы. В конкурсе всегда есть победители и проигравшие. Но члены комиссии стараются максимально объективно оценить работы.

        С целью принять объективное решение, приняв во внимание, что конкурсные работы нельзя сравнивать друг с другом, а также, посоветовавшись с членами жюри, принято решение оценивать по двенадцатибалльной системе по пяти направлениям.
А именно: 1. Работа образовательного учреждения – учитывается внешнее и внутреннее оформление учреждения, начиная с придворовой территории до кабинета директора. 2. Достижения педагогов. 3. Достижения учащихся, воспитанников.  4. Количество просмотров на сайте bilimainasy.kz. 5. Мастерство и творческий подход при подготовке видеожурнала.  Следующий этап конкурса, где будет объявление результатов конкурса, будет на нашем ютуб канале в прямом эфире.  Ждем всех вас принять участие в прямой трансляции на ютуб канале «БІЛІМ АЙНАСЫ» 10.04.19 г. В 15:00 по времени г. Нур-Султан.

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
«БІЛІМ АЙНАСЫ» газеті
BILIMAINASY.KZ сайтының
негізін қалаушы
НҰР-СҰЛТАН қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.