«Білім негізі – бастауышта». Кез келген нәрсенің кірпіші дұрыс қаланбаған болса, оның болашағы бұлыңғыр. Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін біздер, ұстаздар, шығармашыл, түрлі заманауи әдіс-тәсілдер, технологияларды қолданып, жас ұрпаққа сапалы, мағыналы білім беруде тынымсыз еңбек етудеміз.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласында білімнің салтанат құруы жайлы, табысты болудың ең іргелі, басты негізі білім екенін, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні айқын айтылып өткен.
2017 жылдың қараша айында Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында Бастауыш сынып мұғалімдерінің апталығы өткізілді.
Апталық барысында ашық сабақтар, меркелік іс-шаралар, флешмобтар ұйымдастырылды.
Мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың өзара іс-тәжірибе алмасуы болып табылды.
Білім саласында жаңартылған білім беру бағдарламасының енуі үлкен өзгерістің көрінісі, бүгінгі таңда заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Жаңа бағдарлама арқылы баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қажет, оқушы мектеп қабырғасында алған білімін өмірде пайдалана білуі керек.
Бастауыш сыныптарда барлық пәндер бойынша оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын қалыптастыру — негізгі мақсат болып табылады. Ашық сабақтардың өту барысына мұғалімінің жетекшілігімен оқылым мен жазылым бірге жүріп отырды. Сабақта ашық сұрақтар қойылып, дәледеу, зерттеу, болжауға бағытталған тапсырмалар беріліп отырды. Оқушылар еркін ойланып, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа, бірлесіп жұмыс жасауға үйренді. Кері байланыс жасалып, сабақтан қанашалықты мағлұмат алғаны байқалды. Мұғалім мен оқушылардың арасында сабақ жүргізуде анағұрлым табысты, сенімді тәсіл болды.
Іс-шараның аяқталу кезеңінде 3-4 сынып оқушылары өздері дайындаған флешмоб, концерттік бағдарламаны көрсетті. Концертті ата-ана, ұстаздар қауымы көріп тамашалады.
Ақылбекова Лиза Мауытхановна,
Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясының бастауыш
сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі