Home » Тұлға » Білім негізі – бастауышта

Білім негізі – бастауышта

Біз биыл бастауыш буынды аяқтап, орта буынға көшкелі отырмыз. Біз алғаш рет мектепке келгенде бізді қарсы алған мұғаліміміз Мамашбаева Жанна Жарылқасынқызы. Бірінші сыныпқа келгенде біз қорықтық, бірақ бұл бастауыш сыныпта біз көп нәрсе үйрендік және жаңа достар таптық. Ақылға, білімге ұмтылып көп жетістікке жеттік. Бірақ осы жетістіктерге біз Мамашбаева Жанна Жарылқасынқызының арқасында жеттік. Қойшыбек Шұғыла, Расылбекқызы Аружан, Ақматова Нұрай атты қыздарымыз «Айгөлек» би үйірмесіне қатысады. Мектептегі өткізілетін аудандық «Дзю до» үйірмесіне қатысатын ұлдарымыз мен қыздарымыз: Балтабай Жалғас, Жақсыбай Жамбыл, Унгарбек Бауыржан, Марлен Гүлдана, Қайыпберген Асылайым, Құттұбек Дулат, Исмаилов Амир, Садуақас Нұрдәулет. Мектепішілік сурет үйірмесіне: Қалқан Еркінай, Төлеубай Мөлдір, Берікбай Гүлшат, Байкулов Алишер қатысады. Біздің сыныпта: Балтабай Арай, Нұрлан Айтолқын, Алтынбай Әсем, Калимова Ақерке, Сатыбалдиева Айгеріим, Талғаш Шакизада әдемі ән салады. Ақбота интелектуалдық марафонына 4 оқушымыз қатысып, бірінші орынға ие болды. Олар : Жақсыбай Жамбыл, Төлеубай Мөлдір, Оңғарбек Бауыржан, Балтабаев Жалғас. 2017 жылдың сәуір айында балалар жазушысы Е.Елубаевтың 75 жылдығына орай өткізілген аудандық байқауда 1-орынды сыныбымыздың оқушысы Балтабаев Жалғас иеленді .Қазір біздің сынып жан-жақты әрі таланттарға толы. Біздің сынып шетінен өнерлі де талантты, қыздарымыз мың бұралып билегенде көпшілік риза болады. Біз осы сыныпта оқығанымызға қуаныштымыз, әрі сыныбымызбен мақтанамыз. Шын жүректен алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.

 Жамбыл ауданы, Әбдірахман Әйтиев атындағы

орта мектептің 4 «А» сынып оқушылары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.