Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы бойынша 5 білім беру мекемесінде «Әліппе» оқулығы апробациядан өткізіліп жатыр.
Алматы қаласы, Білім басқармасы МКҚК №110 бөбекжай-балабақшасында Қайранбаева Орынгүл Тастанқызы «Ер төстік» тобымен ата-аналарға арналған ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақтың тақырыбы «М әрпі» туралы тәрбиеші балаларға ойын ойнатып, жұмбақ жасырып, әліппемен және жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізді. Балалар М дыбысына байланысты тілдік жаттығу, сергіту жаттығуын жасап, өздерін еркін ұстады. Сабаққа Алматы қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің ҒӘЗ әдіскері Масакбаева Лунара Турсыновна, балабақша меңгерушісі Түлентаева Күнімай Шахмаралқызы, әдіскер Жалбырова Ляззат Байгүнісқызы және ата-аналар қатысты. Ашық сабақ соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, балаларының жеңісіне қуанатындарын жеткізді. «Баламның экстремалды топқа түскеніне қуаныштымын. Өйткені қыркүйек айынан бері балам керемет жетістікке жетті. Біз қайда барсақ та, әріптерді өз бетінше оқып жүреді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды жақсы меңгеріп жатыр» — дейді «Ер төстік» тобындағы тәрбиеленуші Сейдулла Әлбауырдың анасы.
Балаларды «Әліппе» оқулығымен таныстыру, сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс және әріп туралы түсінік қалыптастыру негізінде жұмыстар барлық білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатыр. Берілген «Әліппе» бойынша оқуға үйретудің басты ерекшелігі: әріптермен, дыбыстармен танысу, буынға бөліп оқытуды меңгерту.
Айта кетейік, «Әліппе» оқулығының құрылымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мектебалды дайындық сыныбының оқушысына арналған «Алғы сөзден» басталып, 48 сағатқа арналған сабақтар жүйесінен тұрады.
Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ,
Білім айнасы,
Алматы қаласы