Білім мен тәрбие — егіз ұғым. Білім рухани құндылықтардың қатарынан көрінетін баға жетпес байлық. Тәрбие мектебінен өткен әрбір ұрпақ адамгершілігі мол, адами қасиеттері жоғары болары сөзсіз. Сонымен қатар, оның қазіргі заманымызға лайықты бәсекеге қабілетті болуы да қажеттілік. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»-деп ұлы ұстаз әл-Фараби айтқандай, отбасыдан басталатын тәрбиенің маңызы өте зор. Қазіргі кезде елімізде шәкірттерге білім беруде ұстаздар қауымына жүктелетін жауапты да мәртебелі жауапкершілік- қоғамға қажетті, елжанды, отаншыл, сезімі асқақ ұрпақ тәрбиелеу және оларды терең білім нәрімен сусындату. Қазіргі жаһандану заманында білім беру ошақтарындағы берілетін тәрбиенің рөлі мен уақыт озған сайын күн санап білім беру мен тәрбиелеудің маңыздылығы артуда. Тәрбие білімсіз қалыптаспайды. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда онытүзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Баланың өн бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерімізді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.Дана халқымыздың тәлім-тәрбиелек мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабамыз баланы бесіктегі жасынан бастап жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Үлкенге жол бер», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе», тағы басқа ұлағатты сөздердің мәні зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Адамгершілік тәрбие- ол үлкендердің, ата-аналардың, тәрбиешілердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілердің жетістіктерін зер салып талдау керек.
Адамгершілік негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан көрінеді. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы қалыптасады. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани- адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді. Нақтырақ айтқанда, ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, кеңпейілділік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және ұжымға қалыптастыру, балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қадір тұту, сыйлау.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» пәні- баланы жасынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға үйретеді.
Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ананың, ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің қайнар бұлағы — халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы да бірегейі-ол өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін бәсекеге қабілетті, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, өрісі озық етіп тәрбиелеу-қоғам алдындағы борышымыз.
Абауова Зоя Мәлікқызы,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы,
Ақжар ауылы
№7 «Шаттық» балабақшасы меңгерушісі