2017 жылдың 30 маусымында білім мазмұнын жаңарту аясында «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогтер үшін біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Облыс бойынша курстық даярлықтан 60 педагог өтті.
Мұғалімдер курс барысында оқу бағдарламаның бөлімдерімен (құрылымы мен мазмұны), оқу қағидаттарымен танысып, табысты мұғалімнің кәсіби қызметіне қажет педагогикалық тәсілдер мен дағдыларды жан-жақты зерделеді.
Педагогтер меңгерілген білім мен ақпараттар негізінде сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдерін тәжірибе жүзінде апробациялауға мүмкіндік болды.
Тренингтер мұғалімдерге сабақта критериалды бағалау жүйесін сабақта қолдану, оқушылардың жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін тапсырмалар құрастыру, география сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша біліктіліктерін дамыту және жетілдіруге бағытталды.
Бағдарламаның ерекшеліктері әр сабақта «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны кіріктіру, география және жаратылыстану сабақтарында пәндік академиялық тілді қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асырып, тұлғаны табысты әлеуметтендіру үшін кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мен саралап оқыту болып табылады.
Кабденова А.К., тренер
Центра уровневых программ