Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

№ 83 «Жансая» балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі
Алтайбаева Бахыт Сарбасқызы
Астана қаласы

 

 

Бүгінгі таңда білім саласы қарқынды түрде дамып келеді. Заманауи технологиялардың дамуына сай мұғалімдер де өз біліктіліктерін арттырып, жаңашылдыққа бейімделуде. Ол үшін бүгінгі күні барлық мүмкіндіктер жасалған. Біздің тарапымыздан тек ізденім мен талап керек. Жалпы сабақ барысын түрлендірудің әдіс-тәсілдері өте көп. Және оларды әр топқа бейімдеп қолдану мұғалім шеберлігіне тәуелді деп білемін.

Әдіс-тәсілдер дегеніміз не? Әдіс-тәсілдер – сабақтың мақсаты мен мазмұнына негізделген, оқушы мен мұғалімнің тақырыпты ашуға барар жолында қолданатын амалдары. Осы амалдар тиімді болса оқушының қызығушылығы арта түседі, ал егер тиімсіз болса құлшынысы жойылады. Бала ынтасын асыру үшін мен  өз сабақтарымда қолданып жүрген тиімді тәсілдерім мен олардың жүзеге асырылу туралы айтып кеткім келеді.

Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізудің мақсаты: 

Балабақшада  оқыту сапасын жоғарлату;

Балалардың  білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру;

Балабақшадан  бастап  балаларды жұпта да, топта да жұмыс жасауға бейімдей білу;

Мұғалімнің басты міндеті:

Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын элементтерін жиі қолдану;

Баланың қызығушылығын арттыру үшін сабақта қолданатын  амалдарын түрлендіріп  отыру;

Балалармен тең дәрежеде пікірлесе отырып, сенімділікке баулу;

Мұғалім балалармен жұмыс жасағанда жіберіп алуы мүмкін ең үлкен қателіктер:

  • Мақсатты қол жетімсіз етіп қою. Мұғалім тарапынан мақсат анық, нақты, қолжетімді болуы да өте маңызды.Егер мақсат тым қиын немесе ұзақ, я әр тарапты болса мұғалім де бала да жеміссіз әрекеттен қажиды.
  • Тұлғаны дамытуды ұмыт қалдырып, тек тапсырмалардың орындалуына қанағат қылу;
  • Бала фантазиясын шектеу.

Бұл қателіктердің орын алмауы пәнді үйретуде жемісті әрекет етуге көмектеседі. Бір сабақ барысында мұғалім тыңдалым, айтылым, психологиялық ахуал, сергіту сәті сынды пунктілердің бірін де қалдырмай орындата білуі шарт деп санаймын.

Өз тәжірибемде жемісін берген әдіс-тәсілдер:

  • Ым-ишара арқылы тілдесу (бала өзгелерге өз ойындағы сөзді ыммен жеткізеді);
  • «Парадокс» әдісі (мұғалім оқыған мәтіннен балалар қатені тауып, дұрыстайды);
  • «Өрбіту» әдісі (бір сөзді сиппаттау арқылы ой өрбіту: Үй. Үлкен үй. Бұл үлкен үй. Бұл әдемі үлкен үй – Айша апанікі) ;
  • Мәтінді сипаттау (мәтін мазмұнына сай сурет салу);
  • Мәтінді өз фантазиясымен аяқтау, өрбіту;
  • “Мина” әдісі;
  • “Шеңбердегі шығарма”
  • Суретке қарап детальдарды жазу (баланың зейінін шоғырландырып, байқағыштыққа баулу);
  • “Миға шабуыл” (мәтін мазмұнына сай проблемалық ахуал туғызу);
  • Асық арқылы жүзеге асатын тапсырмалар (ханталапай, асық ату);
  • “Жұмбақ бейне”(жасырылған сөзді иә-жоқ жауабымен тауып алу)
  • “Жетелеуші сөздік”(жасырылған сөзді сипаттама арқылы табу: қатты, суық-мұз)

Сергіту сәттері:

  • Әуенмен орындалатын жаттығулар
  • Тың әртіс(бір сөзді түрлі әртістік шеберлікпен айту)
  • Табиғи құбылыстарды орындау(жел, жауын)
  • Зуылдақ
  • Күн-түн
  • Бағдаршам

Психологиялық ахуал

  • Жеңіс туы (балалар бір біріне ту беріп, себебін айтады)
  • Шеңбердегі тілек
  • Арқадағы жазу
  • Сыйлық (гүлде жазылған тілек)
  • Мақтау мадақтау
  • Есім мен сын есім (өз есіміне сын есім қоса айту)

Топқа бөлу:

  • Гүл шоғы арқылы
  • Туылған жыл мезгіліне сай
  • Түстер мен фигуралар арқылы
  • Есімінің басқы әріптері арқылы.

Алдағы уақытта балалардың  білімін арттыру мақсатында жаңашыл технологияларды пайдаланып, заманға сай өзгеріп, жаңашыл ұстаз болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз  деп  ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.