«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абай атамыздың осынау бір ауыз сөзі ұшы-қиыры жоқ білім әлеміне жетелейді. Дана халқымызда «оқу инемен құдық қазғандай» деген ақиқаты мен астары ұштасып жатқан өнегелі асыл сөзі дәл осы орайда менің ойыма түрткі болып отыр. Мен де осы білім жолында шәкіріттерді 21-ғасырдың жаңашыл, білімді, үнемі ізденісте жүретін алға қойған мақсатына айқын жол сала алатын, әрбір шәкірттің шамшырағы болғым келеді. Шәкіртке саралы білім мен саналы тәрбие беру — әрбір ұстаздың міндеті. Менің де алға қойған мақсатым бойымдағы бар білімімді пайдаланып, үнемі ізденісті тоқтатпайтын ұлағатты ұстаз болу. Сол себепті мен қазіргі таңда «Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы курсқа қатысып, білімімді әрі қарай жетілдіріп жатырмын. Бұл жерде өте жоғары деңгейде білікті де білімді тренерлер бізге аянбай өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ өтіп жатыр. Осы орайда мен тренерім Нұрова Рысгүл апайды ерекше айтып өткім келеді. Себебі бұл курстан мен өзіме қажетті көптеген мағлұматтарды бойыма сіңірдім. Осы тұрғыда мен өзімнің үйренген және оны әрі қарай жасай алатын өз ойымды айтып кетсем деймін. Ұстазға ең бірінші керекті дүние ол әр сабағына жазатын жоспары. Мен осы курсқа қатысып, жоспарды қалай жазуды, оның құрылымын, қағидасын толық түсіндім. Сонымен қатар слайд жасау, презентация қорғау, постер қорғау, әрбір адам үшін ең керекті бес құндылықты үйрендім. Рысгүл апайымыздың бойынан адамгершілікті, ақиқатты, шыншылдықты, шынайылықты өмірге деген сүйіспеншілікті ең бастысы өз ісіне өте ұқыпты, нағыз маман педагогті көруге болады.Осындай маманнан сабақ алған мен бақытты ұстазбын. Рысгүл апайға алғысым шексіз.Осы курсты ұйымдастырған «Өрлеу»БАҰО» АҚ орталығына көп- көп рахмет!
Құлданова Жұбай Алпамысқызы Қарақия ауданы, №3 орта мектептің «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі