Home » Жаңалықтар » Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ  

Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ  

2019 жылғы 28 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі болып өтті.

Есеп беру кездесуі барысында білім және ғылым жүйесіне қатысты мәселелер көтерілген болатын. Олардың қатарында — «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу, гранттарды бөлу үрдісі, оқулықтардың сараптамасы, балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан қабылдау.

Министрлік «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын әзірлеу және талқылау бойынша үлкен жұмыс жүргізді, өйткені Заң жобасы осы уақытқа дейін белсенді қоғамдық бағалауға ұшыраған болатын. Бұл өте дұрыс, себебі аталған Заң жобасы 500 мың педагог қызметкерлерден басқа біздің қоғамның әрбір мүшесінің мүдделерін қозғайды. Жалпы Заң жобасы 6 тараудан және 21 баптан тұрады.

Заң жобасында қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерді сақтаумен қатар, педагогтардың кәсіби құқықтарын кеңейтуге, мұғалімдерді өзіне тән емес функциялардан қорғауға, жүктемені қысқартуға, сондай-ақ, материалдық және материалдық емес ынталандырулар кешеніне бағытталған бірқатар нормалар қарастырылған.

Материалдық ынталандыру бойынша шешім қабылданған жоқ, себебі, бұл республикалық бюджеттен қосымша шығындар бөлуді талап етеді.

Гранттарды бөлу рәсімі. Биылғы жылы білім беру гранттары ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде берілетін болады. 13 шілде күні білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталды. Алғашқы 4 күн ішінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден 28 430 өтініш қабылданған, оның ішінде 26 202 өтініш толық бағдарлама бойынша оқуға берілсе, 2 228 – техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітірушілерінен қысқартылған мерзімде оқу үшін ниет білдіргендер. Конкурсқа өтініштерді қабылдау жалғасуда және 20 шілде күні аяқталады.

Кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарын беру «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесі негізінде жүзеге асырылады. Барлығы жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді. Бұдан басқа, биылғы жылы қосымша 5 мың грант бөлініп отыр, оларды жергілікті атқарушы органдар да конкурстық негізде береді.

Ақпарат үшін. «KazSatNet» ҰК» АҚ сервері статистикасының мониторингі нәтижесінде Есептік кездесудің тікелей көрсетілімі кезінде «BNews» интернет порталында, «Хабар 24» телеарнасында және Министрліктің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында байланыс арнасына 1,2 мыңнан астам қосылудың тіркелгендігін көрсетті.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.