2017 жылдың 2 маусым күні ҚР БжҒМ қызметкері Ардақ Мадиханқызы Садықова (Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының жетекшісі) жұмыс бойынша өңірге орталық органдар өкілдерінің іссапары барысында «Өрлеу» СҚО бойынша ПҚ БАИ филиалында болды.
Институт директоры А.Мурзалинова біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық бағыттар жайында ақпараттандыру үшін және институт қызметі мазмұны жайлы пәндік-тақырыптық экскурсия жүргізді.
А.М.Садыкова «Развитие профессиональной компетентности учителей по освоению инновационных методик преподавания предмета на английском языке» пәндік-тілдік курс тыңдаушыларының сабақтарына қатысып, бағдарлама тренері Ж. Айгужинаға, лингвистикалық бағдарламалар бойынша сарапшы-кеңесші Stephen John Hindlaugh (Хорватия Республикасы), сондай-ақ, ғылыми–жаратылыстану пәнінің мұғалімдеріне өзінің бірқатар сұрақтарын қойды.
Басты назар – білім мазмұнын жаңарту бойынша курс тыңдаушылармен жүргізілген дискуссиялық алаңға бөлінді. Күн тәртібіне енген сұрақтар:
- Білім мазмұнын жаңарту бойынша даярлық курстарының көлемі;
- Тыңдаушылар пікіріне және шығыс сауалнаманың нәтижесі бойынша даярлық курстарының сапасы;
- Курстық даярлық сапасын сырттай бағалауды ұйымдастыру;
- Білім мазмұнын жаңарту аясында өзекті мәселелер бойынша мұғалімдерді курстан кейінгі жетекшілік;
- СҚО-да білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру жағдайы мен болашағы;
- Сұрақ-жауап.
Облыс мектептерінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын енгізу сұрақтары талқыланды, кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті.
Кездесу барысында облыс мектептерінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын енгізу сұрақтарына да баса көңіл аударылды. Облыс педагогтері Ардақ Мадиханқызына курс жайлы өз ойларын білдіре отырып, өздерінің тәжірибиелерінде инновациялық әдіс-тәсілдерді, алған білімдерін жүзеге асыратындарын айтып, филиал қызметкерлеріне курстық даярлықты ұйымдастыру мен өткізу бойынша кәсібиліктеріне алғыстарын білдірді.
А.Ж.Мырзалинова
«Өрлеу» СҚО бойынша
ПК БАИ филиалының директоры