Home » Баяндамалар » БІЛІМ — БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК БАСТАУЫ

БІЛІМ — БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК БАСТАУЫ

Махамбет ДАУЛБАЕВ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру институты
Сараптау және талдау бөлімінің бас маманы

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміздің 25 жылдық даму кезеңінің абыройлы болып, табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өткендігіне тоқталып, білім беру жүйесіне аса мән берді.

Біз Президенттің кезекті Жолдауымен танысқанда оның үш жаңғырудан, үш кешенді міндеттен және бес басымдықтан тұратынын көрдік. Осы бес басымдықтың Төртінші басымдығында адами капитал сапасын жақсарту мен білім беру жүйесі мәселесі көтерілген. Ал, біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы — адам, ол аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі деп білсек, адам баласы бәсекеге қабілетті қоғамда білімді болуы маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында білім беру саласына байланысты ұрпақтың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен ойлау дағдаларын дамыту, ІТ білімді, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін атап өткен. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігін айтып, қазақ тілінің басымдығын сақтап, Үкіметке үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Мемлекетіміздің даму жолын бағдарлайтын маңызды құжатта Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жету үшін ағылшын тілін меңгеру керектігі жазылып, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесіне байланысты біраз мәселелер көтерілген.

Ел ертеңі білімді ұрпақ дайындау ісіндегі барша ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауын қолдаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.