«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп М.О. Әуезов атамыз айтқандай, жас ұрпақтың сүйенері тек қана білім болмақ. «Адам – керуен, өмір – жол, Ешкімге жат із емес. Жолмен көш-кен керуеннің, алды-арты біз емес»,-деп жыр сұңқары С.Сейфуллин айтқандай, осы керуен жолымен келе жатқан адамға ата-анадан кейінгі қымбат адам – мұғалім. Жасыратын несі бар, қазір мұғалімдердің абы-рой-беделі төмендеп, қадірі қашқан заман. Ана тіліміз сияқты ұстаздар мәселесі де жауыр тақырыпқа айналды. Десек те, ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Сондықтан келешекте ел тізгінін ұстар білікті де білімді, парасатты, жігерлі жас тәрбиелейміз десек, мұғалім мамандығының қадірін арттыруымыз керек. Бұл тұста ақпараттық-идеологиялық жұмыстың берер жемісі көп.
«Білім айнасы» газетін насихаттау барысында ең алдымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне ат басын бұрдық. Бас редактор Қуантай Амантайұлы колледждің оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ақмарал Нуралиевамен жүздесіп, газет беттеріне шолу жасап өтті. Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті ұйымдастырған презентацияға ұстаздар мен техникалық мамандар қатысты. Жиын барысында мақала жазуда мұғалімдер жиі жіберетін қателіктерге кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліді. Презентацияны жүргізген Қуантай Катшабаев оқытушыларға толыққанды мағұлмат берді. Тренинг өз алдына – ұстаздар қауымының бұқаралық ақпаратты сауатты бере алуына көмек көрсетуді мақсат етіп, мақала жазудың қыр-сырымен таныстыратынын атап көрсетті. Мақаланың міндеттері мен өзектілігін, түрлерін, құрылымын қалай құру екенін семинарда үйретінін айта кетті. Презентация барысында әр ұстаз өз пікірін білдіріп, білмегенін сұрап, пікір алмасты. Ұстаздар қауымына бұл әрі жаңалық, әрі берері мол дүние болды. «Білім айнасы» газетінің мақсаты білім саласындағы жаңалықтар мен іс-шараларды көрсету болғандықтан «Болашақ» колледжіне жол тарттық. Мекеме директоры Пернебай Асқаров мырза жылы қабақ танытты. Газет беттерімен танысып, ұсынысты қабыл алатынын жеткізді. Оқытушылары да газет бетімен танысып, семинарға қуана қатыса алатындарына, жазған мақалаларын сайтқа жүктейтініне келісімдерін берді. Ендігі кезекте №5 болғандықтан «Мамандық таңдау» деген тақырып төңірегінде 9-сынып оқушыларымен кездесуді жөн көрдік. Кездесу барысында әңгімелерге, көтерілген мәселелерге және оқушылардың көкейде жүрген сұрақтарына көңіл толды. Қарапайым жұмыскерден дипломат қызметіне дейін талқыланды. Бірі аспаз мамандығын таңдаса, енді бірі қазіргі заманның бизнес өкілі болғысы келетінін де жасырмады. Оқу орны кездесу барысында оқушылар «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының жетекшісі Қуантай Амантайұлына болашақта қандай маман иелері болғысы келетіні жайында шешімін таппай жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты. Болашақтың кілтін ұстаған мықты мамандар, бүгінігі партада отырған сіздерсіздер, сондықтан да білімді, дендерің сау, мықты болғандарың жақсы,-деп басылым басшысы Қуантай Катшабаев сөзін қорытындылады. Келесі сапарымыз «Абай» атындағы №26 мектебі болды. Бізді мектеп басшысы Мұрат Жарылқапұлы жайдарлы көңіл-күймен қарсы алды. Мектептің тыныс-тіршілігінің қандай екенін оқу ордасының табалдырығын аттамастан байқауға болады. Кірер ауыздан бастап оқу ордасымен тілдесіп жатқандай күй кешесің. Бірінші қабатында мұғалімнің жетістіктері мен оқушылар белсенділері жайында ақпарат аласың. Бірлесіп жұмыс жасайтындарына қарсылықсыз пікір білдіріп, жылы жүзбен шығарып салды. Соңғы саяхатымыз №32 орта мектеп қабырғасынан аяқталды. Мұнда да мектеп директоры Қанат Иманов пен әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қиял Абитовалар жылы шыраймен қарсы алды. Ұсынымызды бірден түсіне қойып, сұрақтарына жауап алды. Барлық мұғалімдерге ұсыныстарды жеткізетінін, қуана келісіп, рұқсаттарын берді.
Айгерім Назарова
Тараз қаласы